Алматы қаласында «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы» АҚ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген «Бүркітші» толықметражды фильмінің жабық көрсетілімі өтті.
. Қазақ тілінде түсірілген драмалық триллер шалғай ауылда әділдік орнату жолында күрескен құқық қорғау қызметкерінің басынан өткен оқиғаны баяндайды. Фильмде ұлттық болмыс, күтпеген бұрылыстарға толы детективтік сюжет пен өзекті әлеуметтік мәселелер қатар қозғалады.
«Бүркітші» – қазақ тілінде түсірілген бүркітшілік өнер мен әділет жолындағы күрес тақырыбын қамтитын драмалық триллер. Фильмде ұлттық болмыс, күтпеген бұрылыстарға толы детективтік сюжет пен өзекті әлеуметтік мәселелер қатар қозғалады.
Премьераға белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, отандық киноиндустрия өкілдері, фильмнің актёрлері мен шығармашылық тобы, сондай-ақ журналистер мен блогерлер қатысты.
Фильмнің өзектілігі: Қазақ кино кеңістігінде алғаш рет тергеуші кейпіндегі басты әйелдің бейнесі ұсынылады. Ол бұл жолда талай мәрте қателеседі, тәжірибе жинақтайды, қалыптасқан жүйенің қысымына қарамастан өз бетінше шындыққа жетуге ұмтылады.
Фильмнің көркемдік тілі саятшылық пен бүркітшілік дәстүрімен тығыз байланысты. Бүркіт туындыда жай ғана символ ретінде емес, тергеу барысына маңызды қатысушы ретінде тікелей көрініс табады.
Кинокартина қоғамда көп айтыла бермейтін, жабулы күйінде ғана қалып келе жатқан балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесін көтереді. Көпшіліктің назарын осы тақырыпқа аударады, өзіндік үнін қосады.
Шығармашылық топ құрамы:
Кинорежиссёр: Қуаныш Стаханов
Сценарий авторлары: Қуаныш Стаханов, Ефрат Шарипов
Қоюшы кинооператор: Рамиль Изимов
Басты рөлдерде: Зарина Кармен, Берік Айтжанов
Фильмнің тұсаукесерін «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының өкілдері, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының төрағасы, картинаның шығармашылық тобы мен актерлері ашты. Іс-шараға белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, отандық киноиндустрия өкілдері, журналистер мен блогерлер қатысты.
Фильмнің түсірілуі заманауи отандық киноны дамыту және ұлттық кинематографияны қолдау бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі болды. Картина қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін заманауи кинематографиялық тілмен ұштастырып, көрерменге таныс тақырыпқа жаңа көзқарас ұсынады.
Жабық көрсетілімнен кейін қонақтар фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, актерлердің шеберлігі мен шығармашылық топтың еңбегін атап өтті.
«Бүркітші» фильмін көрермендер 2026 жылғы 10 қыркүйектен бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында тамашалай алады.