Киностудия туралы ∘
Стратегия
«Қазақфильм» киностудиясының қызметі тек тарих пен дәстүрді сақтауға ғана емес, сонымен қатар жан-жақты дамуға да бағытталған. Біз «Қазақфильмді» еліміздің киноиндустриясының қозғаушы күшіне, саланың жаңа мамандарын тәрбиелейтін алаңға, мәдени орталыққа әрі сенімді халықаралық серіктеске айналдыратын стратегияны жүзеге асырып келеміз.
Қазақстанның мәдени мұрасы мен қазіргі болмысын бейнелейтін жоғары сапалы фильмдер өндіру, ұлттық кинематографияны дамыту және оны халықаралық деңгейде ілгерілету — инновациялар, кәсібилікті арттыру және мәдени диалог арқылы.
«Қазақфильм» киностудиясы — Орталық Азиядағы жетекші киностудия, ол көрерменге шабыт беретін, Қазақстанның мәдени мұрасын және заманауи үрдістерін бейнелейтін жоғары сапалы фильмдер шығарады.
Киностудия инновацияларды белсенді енгізеді, жас мамандарды қолдайды, халықаралық ынтымақтастықты нығайтады және қазақстандық кинематографияның ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету үшін коммерциялық тұрақтылықты сақтайды.
Миссия
Көрініс
Стратегиялық бағыттар
Киножасау
  • Тәуелсіз авторлар мен продюсерлерді қолдау
  • Сценарийлік зертханаларды құру
  • Режиссерлермен және қоюшылармен ұзақмерзімді серіктестік
  • Мемлекеттік құрылымдармен әлеуметтік және имидждік жобалар
  • Халықаралық копродукциялар

«Қазақфильм» киностудиясы киножасауға деген көзқарасты қайта қарастырады — дарынды авторларды коммерциялық емес қолдаудан бастап, контентті табысты монетизациялауға дейін.
Біздің мақсат — ашық, кәсіби әрі тұрақты экожүйе қалыптастыру. Мұнда тәуелсіз жобалар дамып, копродукциялар туындайды, жаңа таланттар ашылады, ал олардың туындылары көрермен мен сыншылар тарапынан мойындалып, қаржылық табысқа жетеді.

«Қазақфильм» тәуелсіз авторлар мен продюсерлерді қолдау жүйесін іске қосуда. Жоспарда — сценарийлік зертханаларды құру, анимациялық және көркем жобаларды фестивальдер мен конкурстарға ұсыну, сондай-ақ өндірістің барлық кезеңінде қолдау көрсету. Студия қоюшылармен ұзақмерзімді әріптестік орнатып, сериалдар мен фильмдердің өндірістік үдерістерінің барлық кезеңінде жұмыс істей алатын мықты шығармашылық топтар пулын қалыптастырады.
Продакшн-сервис / рентал
  • Техникалық базаны жаңғырту
  • Өзекті жабдықтарды сатып алу
  • Инфрақұрылымға жеке инвесторларды тарту
  • Өнім өндірісі мен жалдау қызметтерін дамыту

Біз техникалық базаны ауқымды жаңғыртуды жоспарлап отырмыз: нарықта сұранысқа ие жабдықтарды сатып алу, студиялық инфрақұрылымды дамыту және жеке инвестицияларды тарту көзделген.

Өзіміздің өндірістік цехтар негізінде өнімдер өндіру, жалға беру және арнайы тапсырыспен жасау үшін қажетті жағдайлар құрылатын болады.

Осының бәрі «Қазақфильмді» Қазақстан мен Орталық Азиядағы өндірістік сервистер үшін ыңғайлы әрі тартымды платформаға айналдыруға мүмкіндік береді.
Дубляж
  • Мамандарды оқыту
  • Контентті локализациялау
  • Дубляж үшін халықаралық сертификаттар алу

«Қазақфильм» кәсіби дубляж бағытын дамытуды жоспарлап отыр.
Жоспарда — жас мамандарды оқыту, заманауи технологияларды енгізу және сапа стандарттарын көтеру.

Ерекше көңіл контентті локализациялауға бөлінеді: қазақстандық фильмдерді халықаралық прокат үшін шет тілдеріне аудару және шетелдік контентті қазақ тіліне бейімдеу.

Басымдықтардың бірі — әлемдік ірі студиялардың контентіне ресми дубляж жасау үшін халықаралық сертификаттар алу.
Оқыту / Мастер-класстар
  • Кино мектептерімен ынтымақтастық
  • Студенттерді қолдау
  • Дипломдық жұмыстарды түсіру
  • Техникалық мамандықтар бойынша курстар ұйымдастыру
  • Киноклубтар ашу

«Қазақфильм» қазақстандық киноның болашағына инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Біздің мақсатымыз — киноиндустрияны ілгерілете алатын жаңа буын кәсіби мамандарды қалыптастырып, динамикалық кәсіби орта құру.

Білім беру бағытын дамыту стратегиясы аясында кино мектептерімен ынтымақтастық орнату, студенттерге практика ұйымдастыру және олардың дипломдық жобаларын түсіруге қолдау көрсету көзделген.

Сондай-ақ техникалық кино мамандықтары бойынша курстар мен актерлік және операторлық шеберлік киноклубтарын ашу жоспарланған.

Болашақта студенттік дебюттерді қолдау және студия фильмдерін мектептер мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына енгізу жоспарланып отыр.
Контентті ілгерілету
  • Өз дистрибуциялық компаниясын құру
  • Стриминг платформаларымен серіктестік орнату
  • Digital-ілгерілету
  • Кросс-маркетинг

Қазақстандық киноны ілгерілету мақсатында «Қазақфильм» өз дистрибуциялық компаниясын құруды жоспарлап отыр, сондай-ақ стримингтік платформалармен жүйелі серіктестік орнату көзделген.

Дамыту стратегиясы аясында digital-кеңістіктегі қатысуды күшейту, кросс-маркетингтік кампанияларға қатысу және заманауи ілгерілету мен маркетинг тәсілдерін енгізу жоспарланған.

Басты мақсат — «Қазақфильм» фильмдерін Қазақстанда да, халықаралық деңгейде де кеңінен танытып, қолжетімді ету.
Ойын-сауық
  • Мәдени-ойын-сауық аймағын құру
  • Фестивальдер, жәрмеңкелер, іс-шаралар өткізу
  • Мерч, сувенирлер және тақырыптық өнімдер шығару
  • Басқа мәдениет салаларымен коллаборациялар

«Қазақфильм» студия аумағын ашық мәдени-ойын-сауық кеңістігіне айналдыруды жоспарлап отыр.

Жобада музей кешенін, жазғы кинотеатрды, фотозоналарды, отбасылық кафені және киноқаланы құру қарастырылған. Сондай-ақ жәрмеңкелер, премьералар, мастер-класстар мен фестивальдер ұйымдастыру жоспарлануда.

Тақырыптық мерч өнімдері мен сувенирлерді шығару да жоспарға енгізілген.