Киностудия туралы ∘
Басшылық
1985 жылы 23 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің түлегі, «Қаржы» мамандығы бойынша білім алған.

Кәсіби мансабын 2010 жылы мемлекеттік қызметте бастаған. Жұмыс барысында мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы басшылық қызметтерде болды – «Индустриальная зона» ЖШС (Қаржы-жоспарлау бөлімінің жетекшісі), мұнда бюджеттерді әзірлеу және ұзақ мерзімді қаржылық жоспарларды жасауға жауапты болды; «Алматы қаласы Туристік ақпараттық орталығы» ЖШС (Қаржы директоры), мұнда қаржылық жоспарлау мен шығындарды бақылауды ұйымдастырды.

2020 жылы Алматы қаласы әкімдігі жанындағы шығармашылық индустрияларды дамыту жобалық офисінің жобаларын қаржыландыру құрылымына жауапты болды, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының «Сала менеджерлері» бағдарламасы аясында біліктілігін арттырды; Алматы қаласының шығармашылық және мәдени индустриялары кәсіпкерлерінің Ассоциациясы «Almaty Creative» Қауымдастығының Басқарма мүшесі болып сайланды, кәсіпкерлерді қолдап, қаланың шығармашылық экономикасын дамытты.

2020 жылы Айдар Оразбекович «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» акционерлік қоғамының қаржы директоры болып жұмыс істеді және Қоғамның Басқарма мүшесі болды. 2023 жылдан бастап Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» акционерлік қоғамында вице-президент лауазымына кірісті, 2024 жылдың тамызында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» акционерлік қоғамының Президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Омаров Айдар Оразбекович
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ Президентінің міндетін атқарушы
«Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы» АҚ Басқарушы директоры

Күләш Базылқызы Жұмаханова 1966 жылғы 9 маусымда Балқаш қаласында дүниеге келген. Ленинград қаласындағы Ленинград киноинженерлер институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1988 жылы «Қазақфильм» АҚ-да дыбыс операторының ассистенті қызметінен бастаған.

Киностудияда еңбек еткен жылдары өндірістік және басқарушылық бағыттағы бірқатар жауапты қызметтерді кезең-кезеңімен атқарған. 1991 жылы киномонтаж цехының бастығы болып тағайындалды. 2007 жылы «Қазақфильм» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды.

2008 жылы кинофабриканың дыбыс жазу және фильм монтажы цехының фильм монтажы учаскесінің басшысы қызметіне тағайындалды. 2009 жылдан бастап кинофабриканың фильм монтажы учаскесінің бастығы қызметін атқарды. 2010 жылы Кинофабриканың цифрлық кешенінің бейнемонтаж студиясының әкімшісі болып жұмыс істеді, ал 2014 жылдан бастап осы студияда бейне-инженер қызметін атқарды.

2015 жылы продюсерлік орталықтың жобалар супервайзері болып тағайындалды, сол жылы аудиовизуалды жобаларды үйлестіру басқармасының жобалар супервайзері қызметіне ауыстырылды.
2016 жылы экономика және жоспарлау басқармасының фильм өндірісін жоспарлау секторының жетекші экономисі қызметін атқарды, 2017 жылы аталған сектордың басшысы болды.

2019 жылы техникалық сараптама және бақылау бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
2020 жылдан бастап өндірістік қызметтің өндірістік бөлімінің басшысы болды.
2021 жылы қаржы қызметінің фильмдер бойынша стратегиялық мәселелер бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2024 жылдан бастап фильм өндірісін стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы.

2025 жылдан бастап «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы» АҚ басқарушы директоры лауазымын атқарып келеді.
Жұмаханова Күләш Базылқызы
Басқарушы директоры
«Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы» АҚ Қаржы директоры

Динара Нурахметқызы Жапарова 1984 жылғы қазанда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелен қаласында дүниеге келген. Алматы политехникалық колледжін «Есептеу техникасы және автоматтандырылған жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз етуі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы Орталық Азия университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы «Автобус паркі № 2» АҚ-да бас экономист лауазымынан бастаған.

2008–2016 жылдары «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы» АҚ-да экономика және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарған.
2016–2017 жылдары «Алматы» волейбол клубында бухгалтер болып жұмыс істеген.

2017 жылы «Қазақфильм» АҚ-ға қайта оралып, экономика және жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалған.
2024 жылы экономика және жоспарлау бөлімінің басшысы лауазымына ауыстырылған.
2025 жылдан бастап қаржы қызметінің басшысы лауазымын қоса атқарды.
2026 жылы «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы» АҚ-ның қаржы директоры болып тағайындалды.
Жапарова Динара Нұрахметқызы
Қаржы директоры