25 желтоқсанда Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында (Әл-Фараби даңғылы, 77/8) «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы АҚ» мен Moonlight Pictures продюсерлік студиясының бірлескен жобасы - «Охото на розового зайца» фильмінің премьералық көрсетілімі өтеді.
Фильм желісі өмірден өз орнын іздеп, әскерден оралған жас десантшы Мирастың тағдырын баяндайды. Тағдыр оны ықпалды адамдардың балалары, салтанатты да қауіпті өмір сүріп жүрген «алтын жастармен» кездестіреді. Қала сыртындағы кештердің бірінде болған күтпеген оқиға Мирасты өтірік пен үрей жанасқан қауіпті ойынға итермелейді. Мирас кім - кездейсоқ куәгер ме, әлде біреудің ойынындағы құрбан ба? Әлде шындықты іздеп келген жан ба? Нағыз хикая осы жерден басталады.
Фильмдегі басты рөлдерді Рауан Ахмедов пен танымал рэп-орындаушы V $ X V PRiNCE (Асха Принц) сомдады.
Асхат Рысбеков (музыканттың шын есімі) үшін бұл туынды үлкен кинодағы дебюттік жұмыс болмақ.
Сонымен қатар, актерлік құрамда Қазақстанның танымал өнерпаздары -Әбілмансұр Серіков, Шыңғыс Раш, Мұрат Бисенбин, Саят Исембаев және т.б. бар.
Режиссерлік тізгінде - бұл салаға алғаш қадам басқан Аян Найзабеков. Операторы — Бағдат Арғынов.
Асхат Рысбеков (Асха Принц) бұл фильмде тек актер ретінде ғана емес, музыкалық продюсер ретінде де атсалысты: фильмде аудиторияға жақсы таныс тректермен қатар, тұңғыш рет шырқалатын жаңа туындылар да бар. Атап айтқанда, фильмнің жарыққа шығуы қарсаңында «Золотой заяц» әніне бейнебаян түсірілді.
Елімізге фильм прокатқа жаңа жылдың алғашқы күнінде, 2026 жылдың 1 қаңтарынан шығады.
Күні мен уақыты: 25 Желтоқсан, 19:00
Мекенжай: Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында, Әл-Фараби даңғылы, 77/8
БАҚ аккредитациясы үшін: +7 707 540 1012 Гульнара