Қазақ киносы – Рим жүрегінде

28.11.2025

Италия Астанасы Римде өткен «Қазақ киносы күндері» .үлкен жетістікпен өтті.  Үш күн ішінде көрсетілімдерге 300 таяу көрермен қатысып, қазақстандық кинематографияға айрықша қызығушылық танытты.

Бұл шара италиялық көрермен үшін Қазақстанды кино арқылы жаңа қырынан танудың мүмкіндігі болды. Біздің тарихымызды, мәдениетімізді, оқиғаларымыз бен кең даланың көркем тынысын сезінуге жол ашты. Залдағы көрермендер белсенді түрде сұрақ қойып, пікір алмасып, ұсынылған туындыларға ерекше ықылас білдірді.
Көрсетілімдер Римнің мәдени орталықтарының бірі Casa del Cinema залында өтті. Үш бағытты қамтыған фильмдер көрерменге кең ауқымды көркем туындылар ұсынды:
Думан Еркімбек түсірген «Qaitadan»,
Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» және
•«Жаужүрек мың бала» картиналары көрермен көзайымына айналды.
Бұл туындылар бір-бірін толықтыра отырып, қазақстандық киноның философиялық драмадан тарихи эпосқа дейінгі көркем тынысын жан-жақты көрсетті.
Фестивальге қазақстандық шығармашылық топтың келуі кештің әсерін одан әрі арттырды. Фильм авторлары - актер Әділ Ахметов («Анаға апарар жол») пен режиссер Думан Еркімбек («Qaitadan») - көрермендермен тікелей кездесіп, фильмдердің түсірілу барысы, актерлік және режиссерлік жұмыс туралы әңгімелеп берді. Итальяндық аудитория қонақтарды ерекше жылулықпен қабылдап, пікірталас көрсетілімнен кейін де жалғасты - бұл екі ел мәдениетінің тірі байланысын айқындады.
«Қазақ киносы күндері» Римде ұлттық кинематографияны халықаралық деңгейде танытудың маңызды кезеңіне айналды. Шара отандық киноның шет ел көрерменімен тіл табыса алатынын, оның көркем тілі аудармасыз-ақ түсінікті екенін дәлелдеді. Қоғамның қызығушылығы мен жылы пікірлері қазақ киносының әлемдік кеңістіктегі орны нығайып келе жатқанын көрсетті.
Қазақ киносы Италия сахнасында айқын, шынайы, әсерлі естілді - бұл мәдени диалогтың басы ғана.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ