2025 жылғы 6 шілдеде Қытайдың Чунцин қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШОС) мүше мемлекеттердің халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанаты өтті. Биылғы фестивальге қатысушы елдер негізгі байқау бағдарламасына екі-екіден көркем фильм ұсынып, барлығы 20 туынды бақ сынады.
Нәтижесінде, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Набат операциясы» фильміндегі басты рөлді сомдаған қазақстандық актер Бақыт Хаджибаев «Үздік актер» жүлдесіне ие болды.
Марапатты табыстау сәтінде сахнада, бұл марапат бүкіл ұжымның бірлескен еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті. Сондай-ақ, шынайы оқиғаларға негізделген маңызды жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.
«Операция Набат» фильмі 1992 жылдың ақпан айында 30 жолаушысы бар рейстік автобустың басып алынуы туралы баяндайды. Қазақстанның күштік құрылымдарының кәсіби әрекетінің арқасында операция адам шығынынсыз аяқталды.