ҚАРА МЕТАЛЛ СЫНЫҚТАРЫН ӨТКІЗУГЕ БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы» АҚ баға ұсыныстарын жинау арқылы қайтарымды материалдарды (металл сынықтарын) өткізу туралы хабарлайды.
Атауы: 18.09.2026 жылғы Техникалық тексеру нәтижелері бойынша техникалық қорытындыға сәйкес теңіз жүк контейнерлерін (40 футтық – 28 бірлік, 20 футтық – 12 бірлік) есептен шығару нәтижесінде пайда болған қара металл сынықтары.
Жалпы есептік салмағы: 120 060 кг.
Орналасқан жері: Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 176үй.
Бастапқы (ең төменгі) бағасы: 05.10.2026 жылғы № 1373 Бағалау туралы есепке сәйкес 6 403 000 (алты миллион төрт жүз үш мың) теңге.
Өткізудің міндетті шарттары:1. Қатысуға түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу қызметін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы мемлекеттік лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана жіберіледі.
2. Сауда-саттық жеңімпазы «Қазақфильм» АҚ аумағынан металл сынықтарын толық бөлшектеу, кесу, өлшеу, тиеу және әкету жұмыстарын техника қауіпсіздігі және өртке қарсы нормалар қағидаларын міндетті түрде сақтай отырып, толығымен өз есебінен, өз күшімен және арнайы техникасымен жүзеге асыруға міндеттенеді. Сондай-ақ, сатып алушы конструкцияларды бөлшектеу барысында пайда болған барлық құрылыс және өзге де қоқыстарды жинап, шығаруға міндетті.
Өтінімдерді беру тәртібі мен мерзімдері:Мөрленген конвертке мыналарды салу қажет:
1. Ұсынылатын сатып алу сомасы көрсетілген өтінім (сома 6 403 000 теңге көлеміндегі бастапқы бағадан төмен болмауы тиіс).
2. Металл сынықтарымен жұмыс істеуге арналған мемлекеттік лицензияның көшірмесі (лицензияның жарамдылығы электронды түрде тексеріледі).
3. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, деректемелері.
4. Конверттің беткі жағында қатысушының атауы мен деректемелерін, сондай-ақ мынадай белгіні көрсету қажет:
«Қара металл сынықтарын сатып алуға арналған өтінім. 2026 жылғы 20 қазанға дейін (қоса алғанда), сағат 13:00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) ашуға болмайды».Өтінімдер қолма-қол мына мекенжай бойынша ұсынылады: Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 176-үй, Кеңсеге.
Конверттерді ашу және ең жоғары баға ұсынған жеңімпазды анықтау «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы» АҚ-ның арнайы құрылған комиссиясымен жүргізіледі.