7-12 желтоқсан аралығында Әзербайжан астанасында өтіп жатқан
«Baku Cinema Breeze 2025» халықаралық кинофестивалі мен кинонарығы биыл Каспий өңіріндегі ең маңызды кино жиынның біріне айналды. Осы алаңда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы қазақ киноиндустриясының жаңашыл бағыттарын таныстырып, жаңа халықаралық серіктестермен байланыс орнатпақ.
Baku Cinema Breeze — қоғамдардың қалыптасуындағы киноның түрлендіруші күшін, технологиялық инновацияларды енгізудегі ықпалын және жаһандық ынтымақтастықты дамытудағы маңызын зерттейтін платформа. Әлеуметтік рефлексия, технологиялық прогресс, халықаралық серіктестік және стратегиялық PR сияқты негізгі тақырыптарды талқылай отырып, фестиваль Әзербайжанды әлемдік киноиндустрияның қарқынды дамып келе жатқан орталығы ретінде танытуды мақсат етеді.
Жәмила ауданындағы мәдени орталықтардан бастап, фестиваль аллеяларына дейін – барлығы қазақстандық фильмдердің маңында шуласып, қызу талқылауға толы болды. Себебі «Baku Cinema Breeze 2025» халықаралық кинофестивалінде «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы стендіне Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрінің арнайы келді.
Министр қазақ киносының халықаралық деңгейде дамуына, жанрлық әртүрліліктің артуына және ко-продукциялық әлеуетіне ерекше баға беріп, қызығушылығын жасырмады.
Бүгінде қазақ киносы ерекше қарқынмен, жаңаша реңкпен көрінді.
«Қазақфильм» бұл шараға қатысып қана қойған жоқ – фестивальдің ең көп айтылған тақырыбына айналды.
Фестиваль аясында «Қазақ киносы күндері» де өтуде. Бағдарламаға режиссер Дамир Әбілхановтың «Жабайы» атты отбасылық фильмі, режиссер Рашид Сулейменовтың «Операция Набат» шынайы оқиғаға негізделген экшн, сондай-ақ режиссер Інкар Кәрімнің «Мереке» атты қысқаметражды фильмі енді.
Сюжет қарқыны, актерлік шеберлік және режиссерлік шешімдер әзербайжандық көрерменнің назарын бірден өзіне аударды. Залдағы пікірлердің бірі: «Каспий маңындағы елдерде мұндай деңгейдегі әскери драма бұрын-соңды болмаған» деген жоғары бағамен ерекшеленді.
Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігінің арнайы қолдауымен көрермендерге қазақ киносының алтын қорындағы туындысы – Абдулла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмі 4K форматында, қалпына келтірілген нұсқада ұсынылды.
Сонымен қатар, «Қазақфильм» киностудиясының өкілдері әлемнің түрлі елдерінен келген кино саласының мамандарымен жүздесті. Әңгімелер халықаралық ко-продукция мүмкіндіктері, қазақстандық фильмдерді беделді стриминг платформаларға шығару жолдары және жанрлық кино өндірісі бойынша серіктестік мәселелері кеңінен талқыланды.
Оған қоса анимация саласындағы коллаборациялар, бірлескен өндіріс форматтары және жас мамандарға арналған халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламаларына ерекше назар аударылды.
Қазақ киносы әзірбайжан жерінде- барынша талқыланды, зерттелді, қызығушылық тудырды. Бұл қадам- еліміздің киноөндірісінің халықаралық картада барған сайын айқын көрініп келе жатқанын дәлелдейтін тағы бір оқиға болды.