Қазақстан мен Өзбекстан бірігіп Яссауи, Әл-Фараби жайлы кино түсірмек!

13.12.2025

13–14 желтоқсан күндері Ташкентте «қазақ киносы» күндері өтіп жатыр. Қазіргі қазақ киноөнеріне арналған бұл екі күн көрермендер үшін нағыз мерекеге айналмақ.

13–14 желтоқсан күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы», Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Кинематография агенттігі және Қазақстан Елшілігінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Қазақ киносының күндері» өтіп жатыр.
Ашылу салтанаты 13 желтоқсанда Ә.Науаи атындағы Ұлттық кино сарайында (Панорама) өте жоғары деңгейде өтті.
Қонақтарды Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан Кинематография агенттігінің директоры Шухрат Ризаев арнайы қарсы алып, өз сөздерінде екі ел арасындағы мәдени диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, тараптар келесі жылы Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп, тарихи тұлғалар жайлы ауқымды фильм түсіруді жоспарлап отырғанын жариялады.
Кеш қонақтары – танымал актер Санжар Мәди мен актер Бақытжан Әлпейістің келуі көрермендерге ерекше қуантты.
Салтанатты бөлімнен кейін көпшілік назарына «Әміре» фильмі ұсынылды. Өмірбаяндық драмаға тәнті болған көрермендер фильм аяқталғанда орындарынан тік тұрып, ыстық ықыластарын білдірді. Көрсетілімнен соң фильмнің бас актерімен емін-еркін сұхбаттасу және суретке түсу мүмкіндігі көптеген киносүйер қауым үшін ұмытылмас сәтке айналды.
Өзбек тарапының өкілдері хабарлағандай, іс-шараның екінші күні де аншлаг күтілуде.
14 желтоқсанда VIP-залдардағы көрсетілімдер қазақ киносы күндерін жалғастырады. Бағдарлама бойынша 14 желтоқсан күні сағат 14:00-де «Паралимпиец» фильмі көрсетіледі. Бұл – адам рухының қайсарлығы туралы туынды.
Ал сағат 16:00-де іс-шараны «Дос-Мұқасан» музыкалық драмасы түйіндейді. Аңызға айналған ансамбль туралы картина көрермендерді қазақ музыкасының алтын дәуіріне жетелейді. Көрсетілімнен соң фильмнің басты жұлдызы Бақытжан Әлпейіспен жеке жүздесіп, сұхбаттасуға болады.
«Қазақфильм» киностудиясы Өзбекстандағы әріптестеріне мінсіз ұйымдастыру жұмыстары мен қонақжайлылығы үшін шексіз алғысын білдіреді. Бұл оқиға Ташкенттің мәдени өмірін байытып хәи болашақтағы жаңа мүмкіндіктер негізін қаламақ.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ