2026 жылғы 12-23 мамыр аралығында Францияда 79-ші Канн халықаралық кинофестивалі өтіп жатыр. Бұл әлем кинематографиясындағы ең беделді оқиғалардың бірі. Сонымен бірге, мұнда индустрия мамандарына арналған басты іскерлік алаң — Marché du Film әлемдегі ең ірі кинонарығы да жұмыс істейді.
Осы алаңда Қазақстан атынан Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өнер көрсетеді. Студия ұйымдастырған ұлттық стенд - отандық кинематографистерді біріктіріп, қазақстандық контентті шетелдік серіктестерге, дистрибьюторларға, кинофестивальдердің бағдарлама директорларына және халықаралық кинокомпаниялардың өкілдеріне таныстыруға қызмет етеді.
«Қазақфильм» кинонарықта өзінің кинематографиялық мұрасы мен жаңа жобаларының бай ауқымын ұсынады:
· Қазақ киносының алтын қоры — студия таныстырылымындағы басты бағыт. Осы бағдарлама аясында жаңа сапада көрерменге қайтарылып жатқан реставрацияланған фильмдер көрсетіледі.
· Тарихи фильмдер — қазақ халқының маңызды тарихи беттеріне, оның батырлары мен ұлттық бірегейлікті қалыптастырған оқиғаларға арналған туындылар.
· Балалар фильмдері — жас көрермендерге арналған картиналар. Бүгінде олардың көпшілігі классикаға айналып, қазақстандықтардың бірнеше буынын тәрбиелеп шыққан.
· Анимациялық фильмдер — ұлттық анимация, бай дәстүрлерді танытады.
· Драмалар — Қазақстандағы заманауи және классикалық көркем фильмдер жанрының дамып жатқандығын айқындайды. Сонымен қатар, бұл туындылар халықаралық фестивальдерде де мойындалып үлгерген.
«Қазақфильмнің» Канн кинонарығында болуы — отандық киноны әлемдік кеңістікке біріктіру, халықаралық диалогқа, копродукцияға және ұлттық контентті жаһандық деңгейде ілгерілетуге дайын екенін көрсететін жүйелі жұмыс.