Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР

Будапештте Қазақстан киносының күндері өтті




14.10.2026
12–14 қазан аралығында Венгрия астанасы Будапешт қаласында Қазақстан киносының күндері өтті. Мәдени іс-шара отандық кинематографияны халықаралық деңгейде насихаттауға және Қазақстан мен Венгрия арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Кино көрсетілімдері Будапешттегі тарихи Uránia National Film Theatre («Урания») кинотеатрында ұйымдастырылды.
Үш күндік бағдарлама аясында 12 қазанда қазақтың әйгілі әншісі Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Әміре» тарихи-өмірбаяндық фильмі, 13 қазанда «Қайтадан», ал 14 қазанда «Анаға апарар жол» көркем фильмдері көрсетілді.
13 қазанда дипломатиялық корпус, мәдениет және киноиндустрия өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Жиналған қауымға Қазақстан Республикасының Венгриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әнел Бақытбекқызы құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясының атынан Дистрибуция және сату қызметінің басшысы Гүлзат Шүренова-Калишук сөз сөйлеп, ұлттық киноны халықаралық деңгейде ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараға «Әміре» фильмінің басты рөлін сомдаған актер Санжар Мәди мен «Қайтадан» фильмінің продюсері Жалын Тілеубергенов қатысып, көрермендерге өз туындыларын таныстырды.
Қазақстан киносының күндеріне Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және басқа да мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері, Түркі мемлекеттері ұйымының, Венгрияның мемлекеттік және мәдени мекемелерінің, Корвинус университетінің өкілдері, сондай-ақ қазақ диаспорасының мүшелері мен қазақстандық студенттер қатысты.
Будапештте Қазақстан киносының күндерін өткізу шетелдік көрермендерді ұлттық кинематографиямен таныстыруға, Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға және екі ел арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі дамытуға мүмкіндік берді
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ