Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық фильмдер Ташкент көрермендеріне ұсынылды




14.11.2026
2026 жылғы 12–14 қараша аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласындағы Ұлттық кино өнері сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің алдағы 35 жылдығына арналған Қазақстан киносының күндері өтті. Үш күнге созылған мәдени іс-шара аясында өзбекстандық көрермендерге алты қазақстандық фильм ұсынылды.
Кино күндерінің бағдарламасына «Қайтадан», «Ерекше», «Моя большая казахская семья», «Жабайы», «Алтын адам» және «Әміре» фильмдері енді. Түрлі жанрдағы бұл туындылар қазақстандық кинематографияның бүгінгі даму бағытын, шығармашылық әлеуетін және тақырыптық алуандығын таныстырды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерәлі Тоғжанов, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы президентінің міндетін атқарушы Айдар Омаров, Kinopark Theatres негізін қалаушы Алмаз Малдыбаев, Tiger Films компаниясының бас директоры Ерлан Бұхарбаев, Dala Edge креативті технологиялар паркінің тең құрылтайшысы Данат Жұмин, сондай-ақ екі елдің киноиндустрия өкілдері қатысты.
Қазақстандық делегация құрамында актерлер Әшім Ахметов («Қайтадан»), Расул Бауыржан («Ерекше»), Рамазан Мақабатұлы («Қайтадан», «Жабайы»), Даниэль Джеймс пен Дина Тасболатова («Моя большая казахская семья»), сондай-ақ сценарист Қанат Рамазан болды.
Көрсетілімдер аясында көрермендер қазақстандық кинематографистердің шығармашылығымен танысып, фильмдерде көтерілген әлеуметтік, тарихи және адамгершілік тақырыптар туралы пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Бағдарламадағы ерекше назар аудартқан туындылардың бірі – «Ерекше» көркем фильмі. Оның көрсетіліміне Өзбекстанның бочча командасының өкілдері мен Ташкенттегі спорт мектебінің оқушылары қатысты. Спорт, табандылық және адам рухының қайсарлығы тақырыбын қозғайтын фильм көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Мәдени бағдарлама аясында Қазақстан мен Өзбекстанның кино саласы өкілдері ұлттық кинематографияны дамыту, шығармашылық тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы президентінің міндетін атқарушы Айдар Омаров қазақстандық фильмдерді халықаралық аудиторияға кеңінен таныстырудың маңызын атап өтіп, екі ел арасындағы кинематографиялық ынтымақтастықты, соның ішінде тарихи тақырыптағы бірлескен жобаларды дамыту әлеуетіне тоқталды.
Қазақстан киносының күндері екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, отандық фильмдердің шетелдік аудиториясын кеңейтуге және киноиндустрия өкілдері арасында жаңа кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ