Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР


«Қазақфильм» Лос-Анджелестегі American Film Market халықаралық кинонарығына қатысты




15.11.2026
2026 жылғы 10–15 қараша аралығында АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен American Film Market (AFM) халықаралық кинонарығына Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясының өкілдері қатысты.
American Film Market – әлемдік киноиндустриядағы маңызды кәсіби алаңдардың бірі. Жыл сайын бұл іс-шара халықаралық дистрибьюторларды, продюсерлерді, кинокомпаниялар мен киноиндустрия мамандарын біріктіріп, фильмдерді халықаралық нарыққа шығару, тарату және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.
Биылғы кинонарықта «Қазақфильм» ұ киностудиясының атынан халықаралық ілгерілету бөлімінің басшысы Ольга Хлащева және аталған бөлімнің жетекші маманы Гулизада Курбанова жұмыс жүргізді.
Кинонарық аясында киностудия өкілдері шетелдік дистрибьюторлармен, продюсерлік компаниялармен және халықаралық киноиндустрия мамандарымен бірқатар іскерлік кездесулер өткізді.
Келіссөздер барысында қазақстандық фильмдерді халықаралық нарыққа шығару, шетелдік прокат мүмкіндіктерін кеңейту, отандық киноөнімдерді халықаралық аудиторияға таныстыру және жаңа серіктестік байланыстар орнату мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар халықаралық кинопрокаттың қазіргі үрдістері, фильмдерді шетелдік көрермендерге ұсыну тәсілдері және қазақстандық кинотуындылардың әлемдік нарықтағы әлеуеті жөнінде пікір алмасылды.
American Film Market алаңындағы кәсіби кездесулер «Қазақфильм» киностудиясының халықаралық байланыстарын кеңейтуге, шетелдік серіктестермен өзара іс-қимылды дамытуға және болашақтағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруға бағытталды.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы отандық фильмдерді халықаралық кинофестивальдер мен кинонарықтарда таныстыру, шетелдік дистрибьюторлармен байланыс орнату және қазақстандық кинематографияның әлемдік деңгейдегі танымалдығын арттыру бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастырып келеді.
American Film Market халықаралық кинонарығына қатысу – ұлттық киноны әлемдік аудиторияға ілгерілету, халықаралық кәсіби ынтымақтастықты нығайту және қазақстандық фильмдердің шетелдік нарықтағы мүмкіндіктерін кеңейту жолындағы маңызды қадамдардың бірі.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ