Еуропадағы сәтті бастама: Брюссельдегі қазақ киносы күндері

15.12.2025

Еліміздің Бельгия корольдігіндегі елшілігінің қолдауымен «Қазақфильм» ұйымдастырған қазақ киносы күндері 10-12 желтоқсаны аралығында Бельгия Корольдігінің астанасы Брюссель қаласында өтті.

Еліміздің Еуропадағы мәдени қатысуын нығайтуға бағытталған бұл іс-шараға жалпы 125 көрермен қатысты.
Салтанатты ашылу рәсімі 10 желтоқсанда White Cinema кинотеатрының алаңында өтті. Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі өкілдерінің құттықтау сөздерінен кейін, қонақтарға ашылу фильмі ұсынылды.
Көрсетілім бағдарламасына Елшілікпен бірлесіп іріктелген екі толық метражды картина енді:
1.«Бақыт құшағында», режиссері – Санат Шапашов.
2.«Жаужүрек мың бала», режиссері – Ақан Сатаев.
10 желтоқсандағы ашылу салтанаты «Бақыт құшағында» (68 көрермен) фильмінің көрсетілімімен жалғасты. Фильм бірнеше дипломы бар, бірақ жұмыссыз Бахыттың хикаясын баяндайды. Арыстан Астанаға көшіп келген ол, ауру інісін емдеуді және анасына қамқорлық жасауды армандайды. Мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған Бахыт мұнай холдингінің ықпалды басшысы Әлібектің жеке көмекшісі болып орналасады. Ол сол жерден сұлу әрі амбициялы қызды кездестіріп, араларында махаббат сезімі оянады. Алайда, тағдыр оларға жаңа сынақтар дайындап қойған.
12 желтоқсанда көрсетілім «Maison de la Poste» мәдени орталығында (57 көрермен) жалғасты, мұнда тарихи эпос – «Жаужүрек мың бала» фильмі көрсетілді. XVIII ғасырдың бетбұрыс кезеңін суреттейтін бұл туынды жоңғарлармен болған қанды соғыста қазақ халқының еркіндікке жету жолындағы бірлігі мен ерлігін айқын көрсетті.
Көрсетілімдер аяқталғаннан кейін көрермендермен бейресми форматта еркін сұхбат өтіп, бұл аудиторияның қызығушылығы мен белсенділігін арттырды.
Іс-шара өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Алаңдарды безендіру, полиграфиялық, сувенирлік өнімдерді тарату (блокноттар, постерлер, буклеттер) киностудияның оң имиджін қалыптастыруға ықпал етті.
Қорытындылай келе, Брюссельде өткен Қазақ киносы күндеріне көрермендердің белсенді қатысуы және іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуы оның табысты өткенін дәлелдеді. Аталған іс-шара Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі мәдени ықпалын нығайтып қана қоймай, екі елдің кино саласындағы мамандары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты, әсіресе бірлескен өндіріс (ко-продукция) бағытындағы байланыстарды кеңейтуге берік негіз қалады.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ