Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы жаңа кинопродакшн маусымының басталғанын хабарлады. Қазақстан кинематографының аңызға айналған негізін қалаушы Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға кино жұлдыздары, режиссерлер, продюсерлер және БАҚ өкілдері жиналды.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазақфильм» киностудиясы тоғыз жаңа киножобаны ұсынды, әрбірі қазіргі қазақ киносының көп қырлылығын көрсететін бірегей идеялар мен мазмұнды өз ішінде қамтиды. Бұл жобалар Қазақстанның әлемдік кинематография картасындағы позицияларын нығайтып қана қоймай, еліміздің мәдениеті мен өнерін дамытуға маңызды үлес қосады.
Іс-шара барысында қазіргі заманғы кинематографияның өзекті түсінігі – «кино маусымы» туралы сөз қозғалды.
Іс-шара қатысушылары мен қонақтары бұл оқиғаның индустрия мамандары үшін ғана емес, кең аудитория үшін де маңыздылығын атап өтті, атап айтқанда, бұл кезең қазақ кинематографиясының ұлттық мәдени мұраны сақтаумен қатар, инновациялар енгізіп, дәстүрлі киноның шекараларын кеңейте отырып, белсенді дамып жатқанын көрсететін уақыт екенін айтты.
Бүгінгі өткен іс-шара тек Қазақстан киносының күнтізбесіндегі есте қаларлық дата ғана емес, сонымен қатар отандық киноиндустрияның әрі қарай дамуы үшін қуатты серпін болып, саланың кәсіби мамандарын жаңа шығармашылық идеяларды іздеу мен жүзеге асыруда біріктірді.
Жаңа маусымның ГЦПНК қолдауымен түсірілетін фильмдер:
- Толық метражды көркем фильм «Шырмауык», қоюшы-режиссер – А.Шаргынов.
- Толық метражды көркем фильм «Капитан Байтасов», қоюшы-режиссер– Д. Камшибаев.
- Документалды фильм «Соңғы парыз», режиссерлер А. Махмутов, А.Нарымбетов.
- Документалды фильм «Здравствуй, добрый человек», қоюшы-режиссерк Т.Итенов.
- Мемлекеттік қолдаусыз түсірілетін фильмдер:
- Толық метражды көркем фильм «Мама»
- Толық метражды көркем фильм «Сказ о розовом зайце - 2»
- Толық метражды көркем фильм «Зейін»
- Толық метражды көркем фильм «Жабайы»
- Толық метражды көркем фильм «Болмаған балалық шақ».