Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР

TikTok Орталық Азия басшылығымен кездесу «Қазақфильмде» өтті

18.04.2025

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы мен TikTok платформасы кино, цифрлық контент және жас таланттарды қолдау саласындағы серіктестіктің бастамасына арналған стратегиялық кездесу өткізді.

Келіссөздердің мақсаты бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын анықтау болды. Киностудияның Президентінің міндетін атқарушы Айдар Омаров қазақ киносының Алтын қорын қазіргі заманға сай бейімделген форматта ұсынатын арна ашу идеясын ұсынды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы TikTok-ты аудиториямен диалог орнату және қазақ кинематографиясын танымал ету үшін қуатты алаң ретінде қарастырады.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ