Бүгін, Баймұратова Аққайшаға, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ Цифрлық және пленкалық жобаларды үйлестіру бөлімінің видеофонотека маманына мемлекет басшысының атынан 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды.
Маман сол сәттегі сезімі мен ойын былай жеткізді:
«Бұл — мен үшін ерекше қуаныш пен үлкен жауапкершілік.
Ең алдымен, елімізде халықтың әл-ауқатын арттыруға, тұрғын үй мәселесіне ерекше көңіл бөліп келе жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа және мәдениет саласы қызметкерлеріне әрдайым қолдау көрсетіп жүрген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваға шынайы алғысымды білдіремін.
Осындай бақытты сәтті сыйлаған барша азаматтарға, ұжымдастарыма және жақындарыма жүрекжарды ризашылығымды білдіремін.
«Қазақфильм» — мен үшін тек еңбек ететін орын ғана емес, шығармашылық пен руханият тоғысқан үлкен орта. Осындай ұжымның бір бөлшегі болғанымды мақтан тұтамын.
Баршаңызға ізгі тілектеріңіз бен ақ ниеттеріңіз үшін рақмет! Әр шаңыраққа құт-береке, бақ-дәулет тілеймін!
ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНҒА СЕНЕМІН!
Ерназаров Әсет Байділдаұлына, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ Сценарийлік-редакциялық алқасының деректі кино жөніндегі жетекші маман-редакторына Мемлекет басшысының атынан 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды.
Маман үйдің кілтін қолына алып, сол сәттегі сезімі мен ойын былай жеткізді:
«Бұл мен үшін күтпеген әрі ерекше қуанышты сәт болды. Мемлекет тарапынан мәдениет саласы мамандарына көрсетіліп жатқан қолдау — үлкен қамқорлықтың белгісі. Осындай игі бастамалар арқылы шығармашылық адамдарына сенім мен жігер беріледі.
Ең алдымен, еліміздегі мәдениет саласына айрықша көңіл бөліп, өнер адамдарына қолдау көрсетіп келе жатқан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа шынайы алғысымды білдіремін.
Сондай-ақ мәдениет пен өнер саласының дамуына жүйелі түрде қолдау көрсетіп келе жатқан Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызына және осы бастаманың жүзеге асуына атсалысқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін».