Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР

Шекарасыз кино: Қазанда қазақстандық фильмдер таныстырылды




23.10.2026
2026 жылғы 21 және 23 қазанда Ресей Федерациясының Татарстан Республикасындағы Қазан қаласында Қазақстан киносының күндері өтті. Мәдени іс-шара отандық кинематографияны халықаралық деңгейде насихаттауға, Қазақстан мен Татарстан арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға және шығармашылық байланыстарды дамытуға бағытталды.
Қазақстан киносы күндерінің салтанатты ашылуы 21 қазанда Қазан қаласындағы «Мир» кинотеатрында өтті. Ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов пен Татарстан Республикасы Мәдениет министрінің бірінші орынбасары Юлия Адгамова құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараға Татарстан Республикасы Мәдениет министрлігінің өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, киноиндустрия мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Кино күндері аясында көрермендерге қазақстандық үш көркем фильм ұсынылды. 21 қазанда «Алматы, мен сені сүйемін!» және «Паралимпиадашы» фильмдері көрсетілсе, 23 қазанда режиссер Қуаныш Стахановтың «Бүркітші» көркем фильмі көпшілік назарына ұсынылды.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының атынан іс-шараға Киноөндірісті техникалық қамтамасыз ету қызметі басшысының орынбасары Серікбол Өтепбергенов қатысты.
Көрсетілімдер аясында қазақстандық кинематографистердің көрермендермен шығармашылық кездесулері ұйымдастырылды. «Паралимпиадашы» фильмінің актері Жалғас Жанғазин мен «Бүркітші» картинасының режиссері Қуаныш Стаханов өз туындыларын таныстырып, фильмдердің түсірілу барысы, шығармашылық ізденістері мен негізгі идеялары туралы әңгімеледі.
Кездесулер барысында көрермендер фильмдерге қатысты сұрақтарын қойып, шығармашылық топ өкілдерімен ашық пікір алмасты.
Қазан қаласында өткен Қазақстан киносының күндері отандық фильмдерді шетелдік аудиторияға таныстыруға және екі ел арасындағы мәдени диалогты дамытуға мүмкіндік берді.
Мұндай халықаралық іс-шаралар қазақ киносының танымалдығын арттыруға, кинематографистер арасындағы кәсіби байланыстарды кеңейтуге және ұлттық киноөнерді әлемдік мәдени кеңістікте ілгерілетуге ықпал етеді.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ