Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ КСР-нің Халық әртісі, актер, опера әншісі Кәукен Кенжетаевтың 110 жылдығына жәнеҚазақстанның еңбек сіңірген әртісі, киноактер Меңтай Өтепбергеновтың 80 жылдығына арналған «Ұлы мұра – ұрпаққа өсиет» атты көрмесі ашылды.



24.02.2026

«Ұлы мұра – ұрпаққа өсиет» атты көрмесі ашылды.

2026 жылдың 23 ақпанында Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, «Қазақфильм» АҚ және Меңтай киномузейі бірлесіп Қазақ КСР-нің Халық әртісі, актер, опера әншісі Кәукен Кенжетаевтың 110 жылдығына және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, киноактер Меңтай Өтепбергеновтың 80 жылдығына арналған «Ұлы мұра – ұрпаққа өсиет» атты көрмесі ашылды.
Шара аясында Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері Досқан Жолжақсынов, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ұлттық киностудиясы президентінің міндетін атқарушы Айдар Оразбекұлы, Кинорежиссер, актер, сценарист, Меңтай Өтепбергеновтың ұлы Серікбол Меңтайұлы, суретші, дизайнер, Кәукен Кенжетаевтың немересі Әсел Кенжетаевалар сөз сөйлеп, қазақ киносының көркемдік әлемі мен эстетикалық құндылығы жайлы пікір білдірді.
Көрменің ашылу салтанатында қазақ өнерінің дара тұлғасына арналған «Кәукен Кенжетаев» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл еңбек – архивтік деректерге негізделген, өнер иесінің шығармашылық жолын, өмір белестерін және ұлттық мәдениетке қосқан зор үлесін айқындайтын құнды басылым.
Кеш барысында Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының әртістері өнер көрсетті.
Қазақ кино өнерінің тарихы мен рухани мұрасын дәріптеуге арналған кеште актерлік қырымен қатар, коллекционер және филателист ретінде де танылған Меңтай Өтепбергеновтің жеке қорынан бұрын-соңды көпшілікке ұсынылмаған жәдігерлерден құралған теңдессіз көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде 1931–1970 жылдар аралығында жарық көрген 200-ге жуық кино афишалар ұсынылды. Бұл плакаттар кеңестік кезеңдегі кино өнерінің көркемдік стилін, идеологиялық бағытын және графикалық дизайн ерекшеліктерін айқын көрсетеді.
Сонымен қатар, экспозицияға 1932–1990 жылдар аралығында шығарылған кино және фотокамералардың бірегей үлгілері қойылды. Сондай-ақ 1932–1990 жылдар аралығындағы кеңестік экран жұлдыздары бейнеленген ашық хаттар, кино журналдары мен фотоматериалдар да бар.

Салтанатты кештің соңында К.Кенжетаевтің қатысуымен түсірілген, қазақ киносының алтын қорына енген жауһар туынды – «Гауһар тас» фильмінің өңдеуден өткен, жаңартылған нұсқасы алғаш рет көрсетілді. Сонымен қатар, талантты актер Меңтай Өтепбергенов басты рөлді сомдаған «Странный мир желаний и надежд» фильмінің көрсетілімі өтті.

Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ