Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖЕКЕМЕНШІК КИНОКОМПАНИЯЛАРДЫ ТОЛЫҚМЕТРАЖДЫ ФИЛЬМДЕРДІ БІРЛЕСІП ӨНДІРУГЕ ШАҚЫРУ




26.01.2026
«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы» АҚ бірлескен киноөндіріс аясында жүзеге асырылатын киножобалар байқауына өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды.
Байқаудың тақырыптық бағыты – «Отбасымен бірге көруге арналған фильмдер».
Байқауға отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, жақын адамдар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыруға бағытталған бірлескен киножобаларды жүзеге асыруға мүдделі отандық жекеменшік кинокомпаниялар шақырылады.
Отбасымен бірге көруге арналған, балалар мен бүкіл отбасы үшін қызықты, танымдық және шабыттандыратын оқиғаларды баяндайтын жобаларға ерекше назар аударылады. Адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ететін, отбасылық қарым-қатынастың, достықтың, өзара көмектің және үлкенге құрмет көрсетудің маңызын ашатын фильмдерге басымдық беріледі.
Қарастыруға отбасылық драмалар, комедиялар, шытырман оқиғалы фильмдер және отбасы тақырыбын арқау еткен, кең көрермен аудиториясына арналған өзге де жанрлардағы толықметражды көркем фильмдердің жобалары қабылданады.
Байқауға қатысу үшін өтінім мен киножобаның таныстырылым материалдарын, оның ішінде синопсисін, сценарийін (бар болған жағдайда), сондай-ақ шығармашылық топ туралы ақпаратты ұсыну қажет.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 29 қаңтардан 28 ақпанға дейін.

Өтінім беру тәртібі: материалдарды okap@kazakhfilm.kz электрондық поштасына жолдау қажет.

Байқауға қатысу мәселелері бойынша байланыс:
Телефон: +7 777 552 5258
Электрондық пошта: okap@kazakhfilm.kz

Отандық кинокомпанияларды ынтымақтастыққа шақырамыз және Қазақстандағы отбасылық киноның дамуына үлес қосатын жобаларыңызды қарастыруға қуаныштымыз!

Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ