Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы костюмдер, реквизит, жиһаз және киноөндіріске қажет басқа да бұйымдарды жасауға арналған өндірістік цехтарды жалға ұсынады. Студияда ағаш бұйымдары мен жиһаз өндірісіне қажетті жабдықтар бар.
Қазіргі таңда біз киностудиядағы өндірісті қайта жандандырып, түсірілімдер мен киноиндустрияның өзге де қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатын мамандарды іздеудеміз. Атап айтқанда: киім тігу, жиһаз бен реквизит жасау, сондай-ақ полиграфиялық жұмыстар.
Цех алаңдары 10-нан 1000 шаршы метрге дейін, бұл кез келген өндірістік тапсырмаға бейімделуге мүмкіндік береді.