Ұлттық киностудия АҚШ-тағы Atlas Artists компаниясымен келіссөздер жүргізді

17.11.2025

Ұлттық кино өнерінің тарихын құрметтейтін көрермендер үшін қуанышты жаңалық – Ш. Айманов атындағы Қазақ киносы музейі жаңартылған жаңа кеңістікте есігін қайта ашады.
 
Жиналу уақыты: 18:30
Көрсетілімнің басталуы: 19:30

Фильм 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында болған қайғылы жағдайды көрсетеді. Сол күні полиция капитаны Ғазиз Байтасов өз өмірін құрбан етіп, лаңкесті тоқтатып, бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалды. Батырдың бұл ерлігі ел есінде мәңгі сақталып, отансүйгіштіктің, парыз бен адалдықтың символына айналды.
 «Капитан Байтасов» фильмі — драма мен экшн жанрындағы көрерменді терең ойға жетелейтін фильм. Фильмде ерлік пен адамгершілік, ар мен намыс көрініс табады.
Көркем туындының режиссері — Даурен Қамшыбаев. Басты рөлдерді қазақстандық танымал актерлер Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Асан Мажит, Дархан Сүлейменов, Қобыланды Болат және Самал Еслямова сомдайды.
Өтетін орны: «Kinopark 7 IMAX Keruen» кинотеатры
Өтетін күні: 22 қазан 2025 жыл;
Байланыс нөмірі: +7 707 540 1012 Гүлнар

Қазақстандық кинематографияны халықаралық деңгейде ілгерілету бағытында маңызды қадам жасалды. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының өкілдері Лос-Анджелесте орналасқан Atlas Artists компаниясымен кездесу өткізіп, бірлескен киноөндіріс мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу АҚШ-та жыл сайын өтетін әлемдік киноиндустрияның ең ірі платформаларының бірі – American Film Market (AFM) аясында ұйымдастырылды.
Atlas Artists  –  Голливудтағы айтулы студиялардың бірі Atlas Entertainment компаниясының еншілес бөлімшесі. Бұл студия көптеген табысты голливудтық жобалардың қаржыландыруы мен продюсерлік үдерісін жүзеге асыратын беделді өндірістік орталық ретінде танымал.
Келіссөзге Atlas Artists басшылары Dave Fleming және Val Segal, сондай-ақ «Қазақфильм» киностудиясының өкілдері қатысты. Тараптар қазақ кинематографиясының мүмкіндіктерін, техникалық база мен шығармашылық ресурстарды жан-жақты талқылап, әлеуетті серіктестік бағыттарын қарастырды.
Atlas Intertainment Artists портфолиосында әлемдік прокатта танымал болған ірі фильмдер бар, сондықтан бұл келіссөздер қазақстандық киноиндустрия үшін жаңа даму кезеңіне жол ашуы ықтимал.
«Қазақфильм» ұлттық киностудиясы жаһандық серіктестіктерді кеңейтуді және халықаралық киножобаларға қазақстандық мамандардың қатысуын арттыруды мақсат етеді.
Бұл келіссөздер тек өндірістік тәжірибемен алмасуға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның мәдени бренді  –  ұлттық киноны әлемдік аудиторияға танытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
«Қазақфильм»-нің халықаралық бағыттағы жұмыстары жайлы жаңалықтарды студияның ресми  ақпараттық ресурстарынан бақылап отырыңыз.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ