"Қазақфильм" киностудиясы түсірілім мен фестивальдерден бастап киберспорттық трансляциялар мен музыкалық концерттерге дейін кез келген форматтағы іс-шараларға жарамды әмбебап алаңдарды ұсынады. Студия аумағында SPEKTO, ЗВУК, Weekend Esquire ивенттері, QCF киберспорт бойынша және УЕФА Чемпиондар лигасының матчтарынын тікелей эфирлері, сондай-ақ Үлкен Алматы фестивалі мен "ЖЕСТЬ" рок-фестивальдері өткізілді. Бұл алуан түрлі тәжірибе "Қазақфильмнің" ең батыл идеялар мен ауқымды жобалар үшін икемді шешімдер ұсынуға дайын екенін көрсетеді.