Кинофильмдер өндірісі бөлімі фильмдерді ұйымдастыру кезеңінен бастап түсірілім процесінің аяқталуына дейінгі толық өндірістік циклді қадағалайды. Бөлімнің командасы жобаларды барлық кезеңдерде сүйемелдей отырып, олардың белгіленген мерзім мен бюджет шеңберінде тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Функциялар мен міндеттер:
Кинопроизводство процестерін жоспарлау және іске қосу
Локациялар мен декорацияларды таңдау
Календарлық-өндірістік жоспарларды әзірлеу
Түсірілім топтарын құру және сүйемелдеу
Өндірістік график пен сметаның сақталуын бақылау
Логистика, техникалық қамтамасыз ету және бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру.
2019 жылдан 2024 жылға дейін 49 киножоба түсірілді:
16 көркем фильм
20 деректі фильм
7 қысқаметражды фильм
6 анимациялық фильм.
Дубляж бөлімі
Дубляж бөлімі фильмдерді кәсіби дыбыстауға, сценарийлерді дыбыстық қатарға бейімдеуге және аудиоматериалды финалдық монтаждауға жауапты. Бөлім студияның түпнұсқа жобаларымен де, локализацияны қажет ететін сыртқы фильмдермен де жұмыс жүргізеді.
Функциялар мен міндеттер:
Дубляж процесін ұйымдастыру: аударма мен бейімдеуден бастап дыбыс жазу және монтаждауға дейін
Дауыс таңдау және актерлік жазбаларды өткізу
Дыбыстық әрлеу, араластыру және мастеринг жасау
Аудиоматериалдарды кинотеатрларға, теледидарға және стриминг платформаларына шығару үшін дайындау