Кинопродюсер, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының басшысы. 1976 жылдан бастап «Қазақфильм» киностудиясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді: картина директорының орынбасары, картина директоры, бірінші орынбасар және бас директор. «Қан мен тер», «Аңызға айналған Шоқан», «Аллажар», «Әркім өз Голгофасына көтеріледі», «Күна», «Махамбет», «Әкем екеуміз», «Біржан сал», «Жерұйық», «Дәмелі» сияқты 20-дан астам толықметражды көркем фильмнің жасалуына атсалысты.