«Қазақфильм» АҚ жанындағы «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі шеберлік сағаттарына өтінімдер қабылдайды
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!
«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жанындағы «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі анимация деңгейін жаңа белеске көтеру үшін шеберлік сыныптары мен практикалық сабақтар сериясын өткізуге анимация саласындағы жетекші мамандарды шақырды. Алматы қаласында ұйымдастырылған бұл іс-шара анимацияға қызығатын барлық жандарға нағыз жаңалық болатынына сенімдіміз.
Біздің спикерлер – өз саласында табысқа жеткен танымал тұлғалар. Олар өз білімдерін, тәжірибелерін және табыс кілтін сіздерге үйретуге дайын. Сіз жаңадан бастаушы болсаңыз да, белгілі бір тәжірибеңіз болса да, біздің шеберлік сыныптары мен практикалық сабақтарымыз көкжиектеріңізді кеңейтуге және жаңа биіктерге жетуге көмектеседі.
Іс-шара бағдарламасында жобаны әзірлеуден бастап оны халықаралық кино нарығында ілгерілетуге дейінгі әртүрлі тақырыптар қарастырылған. Сіз өзіңізге қызықты және өзекті нәрсені таңдай аласыз. Сабақтың практикалық форматының арқасында сіз теориялық білім алып қана қоймай, оны тікелей практикада қолдана аласыз.
Біз шеберлік-сыныптар мен практикалық сабақтар жайлы және достық атмосферада өтетініне кепілдік береміз. Сіз спикерлерге сұрақтар қоя аласыз, Сізді қызықтыратын тақырыптарды талқылай аласыз және басқа қатысушылармен тәжірибе алмасасыз. Бұл тек үйренуге ғана емес, сонымен қатар ортақ ойлы адамдармен танысуға тамаша мүмкіндік.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақфильм» АҚ жанындағы «Қазақанимация» ШБ төмендегі критерийлер бойынша кинематография (анимация) саласындағы практикалық сабақтар мен шеберлік сыныптарына қатысуға тыңдаушыларды іріктеуді жалғастыруда:
— Кинематографиялық мамандықтардың студенттері: кино, режиссура, анимация және жоғары оқу орындары мен колледждердің ұқсас салаларында оқитындарға;
— «Анимациялық кино режиссурасы», «Анимация режиссурасы» мамандықтарына байланысты конкурстарға қатысқандарға; шығармашылық жобалар портфолиосы барларға;
— Кино және анимация мамандары: қазіргі мәртебесі мен жұмысына қарамастан тәжірибелі кино және анимация мамандарын; фильмографиямен расталатын кино және анимацияда тәжірибесі барларды;
— Кинематографияға қызығушылық танытатын және өз білімін тереңдеткісі келетін адамдар да өтінім беруіне болады. Бұл санатқа іріктеу студенттер мен мамандардың негізгі іріктеуінен кейін жүргізіледі.
Бірегей іс-шараға қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Кино және телехикаялардағы жетістіктерімен, сондай-ақ кассалық рекордтарды жаңартқан көптеген табысты анимациялық фильмдердің танымал түрік кинопродюсері мен режиссері Нуруллах Ренханның шеберлік сабақтары мен практикалық сабақтары,
25-29 қыркүйек аралығы, тақырыбы: «Халықаралық анимациядағы маркетинг әдістері».
Краковтағы бейнелеу өнері академиясын бітірген поляк суретшісі және режиссері Виолетта Сова шеберлік сыныптары мен практикалық сабақтары. Ол әртүрлі фестивальдарда сыншылардың жоғары бағасына және марапаттарға ие болған анимациялық фильмдерімен танымал. Сонымен қатар, ол балаларға арналған графикалық дизайнер және кітап иллюстраторы ретінде жұмыс істейді.
2-6 қазан аралығында, тақырыбы: «Режиссер көзқарасы бойынша қысқаметражды анимациялық фильмдер, телехикаялар өндірісі және XR тәжірибесіндегі көркемдік және өндірістік қиындықтар».
23-27 қазан аралығында
«Маша мен аю», «Гора самоцветов» және «Простоквашино» жобаларымен танымал продюсерлер Елена Щичкина мен Елена Чернованың «Халықаралық нарық үшін анимациялық жобаны әзірлеу. Шығармашылық топтың міндеті және продюсерге не істеу керек» тақырыбындағы шеберлік сыныптары мен практикалық сабақтары
Шеберлік сыныптар мен практикалық сабақтарда кездескенше! Біз сіздермен біліммен сусындатып, шабыттандырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға қуана-қуана көмектесеміз! Қатарымызды толықтырыңыз және бірегей жобаның бір бөлігі болыңыз!
Өтетін орны: Алматы Байзақов көшесі, 280, SmArt.Point, Freedom залы.
Уважаемые жители Алматы!
В рамках повышения знаний уровня анимации, творческим объединением «Казаханимаци» при АО «Казахфильм» им Шакена Айманова были приглашены ведущие специалисты в сфере анимации для проведения серии мастер-классов и практических занятий. Это событие пройдет Алматы, и мы уверены, что оно станет настоящим открытием для всех любителей анимации.
Наши спикеры — настоящие эксперты, которые добились успеха и признания в своей сфере. Они готовы поделиться своими знаниями, опытом и секретами успеха с вами. Независимо от того, являетесь ли вы начинающим или уже имеете определенный опыт, наши мастер-классы и практические занятия помогут вам расширить свои горизонты и достичь новых высот.
В программе мероприятия предусмотрены различные темы: от разработки проекта до его продвижения на международных кинорынках. Вы сможете выбрать то, что вам интересно и актуально. Благодаря практическому формату занятий, вы сможете не только получить теоретические знания, но и непосредственно применить их на практике.
Мы гарантируем, что проведение мастер-классов и практических занятий будет проходить в комфортной и дружественной атмосфере. Вы сможете задать вопросы спикерам, обсудить интересующие вас темы и обменяться опытом с другими участниками. Это отличная возможность не только учиться, но и расширять свой круг общения.
Напоминаем, что ТО «Казаханимация» при АО «Казахфильм» продолжает отбор слушателей на участие в практических занятиях и мастер-классах в сфере кинематографии (анимации) по следующим критериям:
— Студенты кинематографических специальностей: кто обучается в сфере кино, режиссуры, анимации и подобных областях Высших учебных заведений и колледжей;
— Участвовали в конкурсах, связанных со специальностями: «Режиссура анимационного кино», «Режиссура анимации»; Имеют портфолио творческих проектов;
— Профессионалы кино и анимации: опытные специалисты кино и анимации, независимо от их текущего статуса и занятости; Имеют опыт работы в кино и анимации, который подтверждается фильмографией;
— Лица, интересующиеся кинематографией и желающие углубить свои знания, также приглашаются подавать заявки. Отбор для этой категории будет проводиться после основного отбора студентов и профессионалов.
Не упустите шанс поучаствовать в этом уникальном мероприятии!
Мастер-классы и практические занятия от турецкого кинопродюсера и режиссера, известного благодаря достижениям в сфере кино и телесериалов, а также успехам многих анимационных фильмов, которые побили рекорды по кассовым сборам Нуруллах Енихана,
с 25 — 29 сентября на тему «Методы международного анимационного маркетинга»
Мастер-классы и практические занятия от Виолетты Сова — польской художницы и режиссера, которая окончила Академию изящных искусств в Кракове. Она известна своими анимационными фильмами, которые получили признание критиков и награды на различных фестивалях. Кроме того, она также работает как графический дизайнер и иллюстратор книг для детей.
со 2 — 6 октября на тему «Художественные и производственные вызовы в реализации анимационных короткометражек, телесериалов и опытов в расширенной реальности (XR) с точки зрения режиссера»
с 23 — 27 октября
Мастер-классы и практические занятия от продюсеров Елены Щичкиной и Елены Черновой, известными своими проектами как «Маша и Медведь», «Гора самоцветов» и «Простоквашино» на темы «Разработка анимационного проекта для международного рынка. Задачи творческой команды и Что делать продюсеру»
Мы ждем вас на наших мастер-классах и практических занятиях! Будем рады поделиться с вами знаниями, вдохновением и новыми возможностями. Присоединяйтесь к нам и станьте частью этого уникального события!
Место проведения: SmArt.Point, зал Freedom. Адрес: улица Байзакова 280, Алматы.