Қазақ мультфильмінің атасы Әмен Қайдарға 100 жыл/ Основоположнику казахской анимации Амену Хайдарову 100 лет
3 маусым күні Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінде қазақ мультипликациясының атасы Әмен Қайдардың 100-жылдығы атап өтілді.
Iс-шара барысында жұлдыздар аллеясындағы Әмен Қайдардың ескерткіш мемориалына салтанатты гүл шоқтары қойылды.
Жиналған қауым назарына 1967 жылы жарық көрген қазақ мультпликациясының алғашқы туындысы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» фильмінің цифрландырылған нұсқасы ұсынылып, ҚР Мәдениет министрлігінің тапсырмасымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген «Әмен ағаның ғажайып бәйтерегі» атты қысқаметражды мультфильмінің алғашқы көрсетілімі өтті. Сондай-ақ, дүйім жұрт Әмен Қайдардың жеке заттары топтастырылған мемлекеттік архив ұсынған арнайы көрменi тамашалады.
Айта кетейік, Әмен Қайдар қазақ анимациясының негізін қалаушы. Ол кинематографистер одағының хатшысы, кейін Суретшілер одағының төрағасы қызметін атқарды. «Құрмет белгісі», «Парасат» орденінің, 3-дәрежелі «Барыс» орденінің, «Алтын Адам»сыйлығының иегері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
1967 жылы қазақ мультипликациясының тарихы қоюшы-режиссері Әмен Қайдардың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты тұңғыш фильмінен бастау алды. Мультфильм 48 елде көрсетіліп, Ленинградтағы 3 Бүкілодақтық кинофестивальдің лауреаты, мультфильмдер кинофестивалінде құрметті орынға ие болды. Әмен Қайдардың сондай-ақ, танымал анимациялық жұмыстары қатарында «Ақсақ-құлан», «Құйыршық», «Қожанасыр — құрылысшы», «Күн шағылысы», «Сиқырлы кілем» бар.
______________________________________________________________________________________________________________________
3 июня на киностудии «Казахфильм» в творческом объединении «Казаханимация», по случаю юбилейной даты, на аллее звезд состоялось торжественное возложение цветов к памятному мемориалу основоположника казахской анимации Амена Хайдарова.
Почтить его память собрались ветераны Отечественной анимации. В рамках мероприятия была организована выставка, посвященная 100-летию Амена Хайдара.
Также гостям мероприятия был представлен оцифрованный вариант первого произведения казахской мультипликации, вышедшего в 1967 году «Почему у ласточки хвост рожками?». А также состоялся первый показ короткометражного мультфильма «Дерево Амен ага» снятого по заказу Министерства культуры РК и содействию Государственного центра поддержки национального кино.
Амен Хайдаров является основоположником Казахской анимации и занимал должность секретаря Союза кинематографистов, позже председателя союза Художников. Является обладателем «Знака почета», ордена «Парасат», ордена «Барыс» 3 степени, премии «Алтын Адам», лауреатом государственной премии Казахской ССР.
Он выступил в роли режиссера-постановщика первой отечественной анимационной работы «Почему у ласточки хвост рожками», который был снят на киностудии «Казахфильм» в 1967 году и стал первопроходцем, основоположником казахской анимации. Мультфильм стал обладателем многочисленных наград: лауреат 3 Всесоюзного кинофестиваля в Ленинграде, на кинофестивале мультфильмов занял почетное место. Мультипликационную работу показали в 48 странах. В список его работ входят такие анимационные проекты, как: «Аксак-кулан», «Хвостик», «Ходжа-Насыр — строитель», «Солнечный зайчик», «Волшебный ковер».