Сұлтан Бейбарыс туралы фильм Өзбекстанда қазақстандық кино күндерін ашты/ Фильм о Султане Бейбарсе открыл Дни казахстанского кино в Узбекистане
2023 жылдың 20-23 маусым аралығында Өзбекстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді. Осы мәдени шара аясында 20 маусымда Ташкент қаласында Әлішер Науаи атындағы Кино үйінде қазақстандық кино күндерінің ресми ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Мұратұлы Дәуешов қатысты.
Қазақстандық кино күндері 2022 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өндірістік-техникалық базасында мемлекеттік тапсырма шеңберінде реставрацияланған толықметражды «Сұлтан Бейбарыс» (қоюшы-режиссер Болат Мансұров) көркем фильмінің көрсетілімімен ашылды. Атап өтейік, 2023 жылы Қазақстанда Сұлтан Бейбарыстың 800- жылдығы тойланады.
Фильм Сұлтан Бейбарыстың өмір жолын баяндайды. XIII ғасырда, крестшілерді жаулап алу және татар-моңғолдардың шапқыншылығы кезіндегі оқиғалар бойынша өрбиді.
Шара аясында 20-23 маусым аралығында Әлішер Науаи атындағы Орталық Кино үйінде көрермен назарына «Мұқағали» (реж. Болат Қалымбетов), «Дос-Мұқасан» (Айдын Сахаман), «Паралимпиадашы» (Алдияр Байрақымов), «Стартта» (Ернар Нұрғалиев) және «1941 жылдың жазы» (Бекболат Шекеров) көркем фильмдері ұсынылады.
Балалар көрермендеріне «Кенже қыз» (Иван Ардашов), «Бесік жыры» (Ділшат Рахматуллин) және «Әмен ағаның ғажайып бәйтерегі» (Жанәділ Байдарбеков) анимациялық фильмдері көрсетіледі.
______________________________________________________________________________________________________________________
С 20 по 23 июня 2023 года в Узбекистане пройдут Дни культуры Казахстана. В рамках этого культурного события 20 июня в городе Ташкент в Доме кино имени Алишера Навои состоялось официальное открытие Дней казахстанского кино. Церемония открытия прошел с участием вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан Нургисы Муратовича Дауешова.
Дни казахстанского кино открылся показом полнометражного художественного фильма «Султан Бейбарс» (режиссер-постановщик Булат Мансуров), отреставрированного в 2022 году в рамках государственного задания на производственно-технической базе АО «Казахфильм» имени Шакен Айманова. В 2023 году отмечается 800-летие Султана Бейбарса.
Фильм повествует о жизненном пути Султана Бейбарса. Действие развивается в XIII веке, во время завоевания крестоносцев и вторжения татаро-монголов.
В рамках мероприятия с 20 по 23 июня в Центральном доме кино имени Алишера Навои зрителям представят художественные фильмы: «Мукагали» (режиссер Болат Калымбетов), «Дос-Мукасан» (Айдын Сахаман), «Паралимпиец» (Алдияр Байракымов), «На старте» (Ернар Нургалиев) и «Лето 1941-го» (Бекболат Шекеров).
Для детской аудитории будут представлены анимационные фильмы: «Кенже қыз» (Иван Ардашов), «Бесік жыры» (Дильшат Рахматуллин) и «Әмен ағаның ғажайып бәйтерегі» (Жанадил Байдарбеков), посвященный 100-летнему юбилею создателя казахской анимации, режиссера и художника А.А.Хайдарова.