Фильмнің сюжеттік желісіне арқау болған халықтың әдеби «Қыз Жібек» аңызы қазақ халқының XVI-XVII ғасырда әр бір орда басшыларының өзара қақтығыстары орын алған кезеңді бейнелейді. Аңыз бойынша жауласқан екі әулеттен шыққан Жібекпен бен Төлеген батырдың сүйіспеншілігі мен махаббаты мен қатар, фильмде ұлт біріктілігі мен берекесін аңсаған қарапайым көшпелі қазақтың тұрмысы мен болмысы айқын көрініс тапқан. Батыр Төлеген мен Жібектің махаббаты қайғылы аяқталады. Жібектің руынан шыққан Бекежан-батыр қызды өзіне алып қалу үшін Төлегенді сатқындықпен өлтіреді. Жібек, қаралы хабарды біліп, өзіне қол салады.