Кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың қамшының сабындай қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. 1925 жылы Париждегі Exposition Internationale des Arts Decoratifs et Industriels Modernes аясындағы дүниежүзілік музыка конкурсына аттанады. Бөтен елде әнші ретінде мансабын бастамақ болған бас кейіпкердің ұлы жолы саяхаттан басталады. Париждегі дүниежүзілік конкурс көп таланттарды жиса да, олардың көбі Әміре Қашаубаев сияқты дарынды болмаған. Ең үздік драма теноры болу мақсатына жету жолында ол бәріне дайын болған. Әміре Қашаубаев КСРО делегациясы қатарындағы өнерпаздар арасынан топ жарып, екінші орынды иемденіп, күміс медаль тағады. Еуропа жұршылығына алғаш болып қазақтың дәстүрлі ән орындау өнерін және ұлттық аспап домбыраны паш еткен Әміре Қашаубаев. Бас кейіпкердің жүріп өткен жолы жеңіл болып көрінгенімен, қиындықтар мен сынақтарға толы болған.