Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ киносы Қытайда Халықаралық кинофестивалінде көрсетілді

03.07.2025

2025 жылғы 3-7 шілде аралығында Қытайдың Чунцин қаласының Юнчуань ауданында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШОС) мүше мемлекеттердің Халықаралық кинофестивалі өтіп жатыр.

Фестивальдің басты мақсаты – ШЫҰ елдері арасындағы гуманитарлық байланысты нығайту және кино саласындағы ынтымақтастықты кеңейту.
Қазақстан делегациясының құрамында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының өкілдері, сондай-ақ отандық танымал режиссерлер мен продюсерлер бар.
«Алтын камелия» деп аталатын байқау бағдарламасына ШОС-қа мүше әрбір елден екі туындыдан – жалпы 20 толықметражды фильм енген. Қазақстан атынан «Операция Набат» және «Братья» фильмдері ұсынылуда.

Фестивальдің қазылар алқасы құрамына ШЫҰ (ШОС) елдерінің тоғыз беделді кинематографисі енді. Олардың қатарында қазақстандық продюсер Тасболат Мерекенов те бар. Қазылар алқасының төрағасы – Қытайдың танымал продюсері әрі сценаристі Жэнь Чжунлунь.

Фестиваль жеңімпаздары «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий» және актерлік номинациялар бойынша анықталатын болады.
Кино көрсетілімдерден бөлек, фестиваль аясында ынтымақтастыққа арналған форумдар, кинотехнологиялар көрмесі, шығармашылық кездесулер мен гала-концерт өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ