«КАЗАХФИЛЬМ» КАННДАҒЫ MIPCOM 2025 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ

07.11.2025

Ш. Айманов атындағы «Қазахфильм» ұлттық киностудиясы биыл Францияның Канн қаласында өткен MIPCOM 2025 халықаралық телевизиялық нарығына қатысты.
 
Жиналу уақыты: 18:30
Көрсетілімнің басталуы: 19:30

Фильм 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында болған қайғылы жағдайды көрсетеді. Сол күні полиция капитаны Ғазиз Байтасов өз өмірін құрбан етіп, лаңкесті тоқтатып, бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалды. Батырдың бұл ерлігі ел есінде мәңгі сақталып, отансүйгіштіктің, парыз бен адалдықтың символына айналды.
 «Капитан Байтасов» фильмі — драма мен экшн жанрындағы көрерменді терең ойға жетелейтін фильм. Фильмде ерлік пен адамгершілік, ар мен намыс көрініс табады.
Көркем туындының режиссері — Даурен Қамшыбаев. Басты рөлдерді қазақстандық танымал актерлер Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Асан Мажит, Дархан Сүлейменов, Қобыланды Болат және Самал Еслямова сомдайды.
Өтетін орны: «Kinopark 7 IMAX Keruen» кинотеатры
Өтетін күні: 22 қазан 2025 жыл;
Байланыс нөмірі: +7 707 540 1012 Гүлнар

Минск қаласында 5 қарашада өткен «Лістапад» халықаралық кинофестивалі аясында Қазақстан киносы күндері ұйымдастырылды. Осы мәдени шара аясында қазақ өнерінің символына айналған атақты «Дос-Мұқасан» ансамблі туралы көркем фильм алғаш рет Беларусь көрермендеріне ұсынылды.
Көрсетілім Минскідегі «Победа» кинотеатрында өтті. Шара барысында Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің өкілі Рашид Газизов сөз сөйлеп, бұл бастама екі ел арасындағы мәдени және рухани байланысты нығайтуға үлкен үлес қосатынын атап өтті.
Фильм Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының базасында түсірілген. Туынды ансамбльдің құрылу тарихын шынайы түрде бейнелейді. 1967 жылы Алматы Политехникалық институтының студенттері құрған «Дос-Мұқасан» вокалды-аспаптық ансамблінің алғашқы қадамдары, алғашқы репетициялары мен шығармашылық жолындағы қиындықтары көркем тілмен суреттелген.
Картинаның ерекшелігі – шынайылық пен тарихи дәлдікке мән берілуінде. Фильмді дайындау барысында ансамбльдің негізін қалаушылар Мұрат Құсайынов пен Досым Сүлей өз естеліктерімен бөлісіп, оқиғалардың нақты баяндалуына үлес қосты. Ал фильмдегі актерлер ансамбль мүшелерінің сыртқы келбеті мен мінез-құлқына ұқсастығы ескеріліп таңдалған.
«Дос-Мұқасан» фильмі тек атақты ансамбльдің тарихын ғана емес, қазақ музыкасының қалыптасу кезеңін, сол дәуір жастарының өмірін және олардың шығармашылыққа деген адалдығы мен рухани еркіндігін де көрсетеді.
Минскідегі тұсаукесер көрермен тарапынан зор қызығушылық тудырып, қазақ музыкасының алтын дәуірін бейнелеген фильмге жылы ықылас білдірілді.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ