Көрермендер залына 200-ге жуық қонақ жиналып, ұлттық өнер мерекесінің айрықша атмосферасын сезінді.
Жиын барысында белгілі режиссер, сценарист әрі продюсер Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» көркем фильмі көрермен назарына ұсынылды. Бұл туынды қазақ халқының тарихи тағдырын, еркіндікке ұмтылысы мен азаттық жолындағы күресін терең суреттейді. Өзектілігі мен мазмұндық тереңдігі арқылы фильм ұлттық рухты көтеріп, көрерменге ерекше әсер қалдырды.
Сламбек Тәуекел – қазақ кино өнерінің дамуына зор үлес қосқан шығармашылық тұлға. Оның еңбектері жаңа буынға шабыт беріп, ұлттық киноның танылуына жол ашты.
Іс-шара республикалық деңгейде кеңінен насихатталды. Оған «7 арна», «24 KZ», «Jibek Joly», «Алматы», «Astana»телеарналары, сондай-ақ еліміздің жетекші ақпараттық порталдары ақпараттық қолдау көрсетіп, арнайы сюжеттер мен материалдар ұсынды. Бұл қазақ киносының мерекелік күнін көпшілікке кеңінен танытуға мүмкіндік берді.
Мерекелік кинокөрсетілімнің сәтті өтуіне үлес қосқан серіктестерге – Kinopark/Kinoplexx, RG Brands Kazakhstan және Ақсай нан компанияларына шынайы ризашылық білдіреміз.
Қазақ киносы – халық рухының айнасы. Ұлттық өнерді дамытуға үлес қосып жүрген барлық шығармашыл жандарға құрмет.