Ыстанбұлда қазақ киносының күндері жоғары деңгейде өтіп жатыр!

12.12.2025

Қазақстанның бай мәдени мұрасын әлемге таныту мақсатында Түркияның Ыстанбұл қаласында Қазақ киносының күндері басталды.

Бұл маңызды іс-шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен өтіп жатыр.
10 желтоқсанда өткен алғашқы көрсетілім күні көрермен назарына қазақ киносының екі бірдей жауһары – қазақтың батыры туралы баяндайтын «Қажымұқан» фильмі және балалар арасында үлкен сүйіспеншілікке ие болған классикалық туынды «Менің атым Қожа» ұсынылды.
Кино күндеріне Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдері, Түркияның 1993 жылы тағайындалған тұңғыш консулы Ержан Уайс бастаған құрметті қонақтар, сондай-ақ Ыстанбұлда тұратын этникалық қазақтар, жергілікті тұрғындар және Түркияның әртүрлі қалаларынан арнайы келген қазақстандық студенттер қатысты. Көрсетілім өтетін Фатих Сұлтан Мехмет спорт және мәдениет орталығына қазақ киносын тамашалауға 200-250-ге жуық адам жиналды. Бұл көрермендердің қазақ өнеріне деген ерекше ықыласын танытты.
Іс-шараға «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның өкілдері – Коммерциялық бөлімнің жетекшісі Арман Жұматаев және Кинокартиналар мен дубляж өндірісі бөлімінің жетекші маманы Надира Садуова қатысып, көрсетілген фильмдерді таныстырды.
Көрсетілім соңында олар көрермендердің фильмдердің жасалу тарихы, қазақ киносының бүгінгі жағдайы туралы қойған көптеген сұрақтарына толыққанды жауап беріп, жылы әңгіме құрды.
Іс-шараны Түркиядағы «Бірлік» Қазақ студенттер бірлестігі жоғары деңгейде ұйымдастырды. Олар кешке ерекше сән беріп, көрермендер үшін арнайы естелік билеттер дайындады.
Қазақ киносының күндеріне жиналған көрермендер, әсіресе алыс қалалардан келген студенттер жоғары қызығушылық танытып, ұйымдастырушыларға және қазақ киносының өкілдеріне жылы лебіздерін білдірді.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ