Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР

Tatler Kazakhstan «Қазақфильм» киностудиясы туралы эксклюзивті бейнематериал жариялады

14.07.2025

Бүгін Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының шығармашылық ұжымы жеңімпаз актер Бахыт Қажыбайды зор қошеметпен қарсы алды.

Қазақстандағы сән, мәдениет және өмір салты бағытындағы жетекші медиа алаң саналатын Tatler Kazakhstan редакциясы киностудияға арнайы келіп, оның өндірістік мүмкіндігі мен шығармашылық атмосферасын жан-жақты қамтыған бейнеролик дайындады.

Материалда киностудияның негізгі өндірістік алаңдары: дубляж студиясы, дыбыс жазу цехы, фонотека, киноқор және шығармашылық бөлімдер кеңінен көрсетілді. Әр цех мамандары өз жұмысының ерекшелігімен таныстырып, кино саласындағы көпшілік біле бермейтін үдерістер туралы әңгімеледі.

«Кино – көрерменге жеткенше көптеген сатылардан өтеді. Біз әр дыбыс пен бейненің үйлесіміне дейін мән береміз. Tatler түсірген бұл бейнематериал көрерменге кино өндірісінің ішкі сырын жеткізетін тамаша жоба», — дейді дубляж студиясының маманы.
Фонотека қызметкері де бұл жобаның маңыздылығын атап өтті:

«Фонотекада мыңдаған сағаттық тарихи дыбыстар сақталған. Бұл — ұлттық кино тарихының қазынасы. Осындай байлықты насихаттауға атсалысқан Tatler-ге алғыс білдіреміз».

Tatler Kazakhstan ұсынған бұл жоба – заманауи аудиторияны отандық кино өндірісінің ішкі әлемімен таныстыратын ерекше формат. Көрермен студия ішіндегі процестерге үңіліп, «Қазақфильмнің» шығармашылық және техникалық әлеуетін жақынырақ тануға мүмкіндік алады.

Tatler Kazakhstan — сән, мәдениет пен креативті индустрия салаларындағы маңызды оқиғаларды жариялап отыратын халықаралық медиа бренд. Бұл жолы олардың назары ұлттық киноның жүрегіне – «Қазақфильмге» ауды.

Бейнематериал Tatler Kazakhstan-ның ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланды.
Жобаны мына сілтеме арқылы көре аласыздар

https://youtu.be/IdV6nnAnsX0?si=oA3TCs8yFaVzqZoJ
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ