2026 жылғы 17-19 қыркүйек аралығында Париж қаласында француз көрермендеріне Қазақстанның ұлттық кинематографиясын таныстыратын «Қазақ киносы күндері» өтуде.
Іс-шара аясында қазақстандық кинематографистердің «Алты жасар Алпамыс», «Қайтадан» және «Игроманка» фильмдерінің көрсетілімдері ұйымдастырылуда.
«Қазақ киносы күндерінің» ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды.
«Алты жасар Алпамыс» фильмі көрнекті режиссер Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай қалпына келтірілген 4K нұсқасында ұсынылуда.
Бағдарлама аясында қазақстандық киноиндустрия өкілдерінің француз көрермендерімен шығармашылық кездесулері өтіп, ұсынылған фильмдер мен ұлттық кинематографияның дамуы жөнінде пікір алмасылуда.
Қазақстандық шығармашылық делегация құрамында «Қайтадан» фильмінің қоюшы-режиссері Думан Еркінбек және продюсері Жалын Тілеуберген, «Игроманка» фильмінің продюсері Дана Мутурганова бар.
Парижде өтіп жатқан «Қазақ киносы күндері» қазақстандық кинематографияны француз аудиториясына кеңінен таныстыруға, отандық фильмдерді халықаралық деңгейде ілгерілетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Францияның кино саласы өкілдері арасындағы кәсіби және мәдени байланысты нығайтуға мүмкіндік беруде.