ҚАЗАҚФИЛЬМ АМЕРИКАДА

19.11.2025

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы әлемдегі ең ірі кино және теленарықтардың бірі – American Film Market (AFM) 2025 қатысты.
 
Жиналу уақыты: 18:30
Көрсетілімнің басталуы: 19:30

Фильм 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында болған қайғылы жағдайды көрсетеді. Сол күні полиция капитаны Ғазиз Байтасов өз өмірін құрбан етіп, лаңкесті тоқтатып, бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалды. Батырдың бұл ерлігі ел есінде мәңгі сақталып, отансүйгіштіктің, парыз бен адалдықтың символына айналды.
 «Капитан Байтасов» фильмі — драма мен экшн жанрындағы көрерменді терең ойға жетелейтін фильм. Фильмде ерлік пен адамгершілік, ар мен намыс көрініс табады.
Көркем туындының режиссері — Даурен Қамшыбаев. Басты рөлдерді қазақстандық танымал актерлер Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Асан Мажит, Дархан Сүлейменов, Қобыланды Болат және Самал Еслямова сомдайды.
Өтетін орны: «Kinopark 7 IMAX Keruen» кинотеатры
Өтетін күні: 22 қазан 2025 жыл;
Байланыс нөмірі: +7 707 540 1012 Гүлнар

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы әлемдегі ең ірі кино және теленарықтардың бірі American Film Market (AFM) 2025 қатысты. Биылғы AFM Лос-Анджелестегі Fairmont Century Plaza алаңында өтіп, жоғары кәсіби белсенділігімен ерекшеленді: шараға 35-тен астам елден келген 285 компания-экспонент қатысты, ал барлық көрме алаңдары толықтай сатылып, офлайн форматқа деген тұрақты қызығушылықтың қайта оралғанын көрсетті.
«Қазақфильм» ұлттық киностудиясының стендінде отандық кинематографияның кең ауқымды топтамасы ұсынылды. Экспозицияға классикалық шығармалармен қатар заманауи көркем, деректі және анимациялық фильмдер енгізілді. Сондай-ақ Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жобалары онлайн және офлайн каталогтар арқылы таныстырылып, іскерлік кездесулер барысында таратуға арналған материалдар ретінде ұсынылды. Келушілер киностудияның өндірістік қуатымен, техникалық және шығармашылық әлеуетімен танысуға мүмкіндік алды.
Кинонарық жұмысыаясында АҚШ, Канада, Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерінің телеарналары, сейлс-агенттері және контент-платформалары өкілдерімен бірқатар іскерлік кездесулер өтті. Талқылаулардың негізгі бағыттары қазақстандық контентті халықаралық алаңдарға шығару, көркем фильмдер, сериалдар және деректі жобалар бойынша бірлескен копродукциялық серіктестіктер орнату, сондай-ақ білім беру бағдарламалары мен питчинг-сессияларға қатысу болды. Бұдан бөлек, халықаралық контент алмасу және отандық киножобаларды жаһандық медиаэкожүйеге селбестіру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
«Қазақфильмнің» AFM 2025 шарасына қатысуы қазақстандық киноны халықаралық аренада ілгерілетуге, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және жаңа серіктестік мүмкіндіктерін ашуға жасалған маңызды қадамдардың бірі болды. Ұлттық киностудия алдағы уақытта да халықаралық әріптестікті дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және отандық кинематографияның әлемдік деңгейдегі позициясын нығайту бағытындағы жұмысын жалғастырады.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ