Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР


23.05.2026

Қазақфильм қызметкерлеріне Мемлекет басшысының атынан екі бөлмелі пәтерлер табыс етілді.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ қызметкерлеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан пәтерлер табысталды.

Бұл – мәдениет пен кино саласы мамандарына көрсетілген ерекше құрмет пен мемлекеттік қолдаудың айқын көрінісі. Мемлекет тарапынан мәдениет және өнер қызметкерлеріне көрсетіліп жатқан қолдау ұлттық киноның дамуына, шығармашылық мамандардың еңбегін бағалауға және мәдени мұраны сақтауға үлкен үлес қосады.
Аталған марапатқа ие болғандар:
  «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ Цифрлық және пленкалық жобаларды үйлестіру бөлімінің видеофонотека маманы Баймұратова Аққайша;
  «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ Сценарийлік-редакциялық алқасының деректі кино жөніндегі жетекші маман-редакторы Ерназаров Әсет Байділдаұлы.

Пәтер кілттерін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева салтанатты түрде табыстады.
«Ертегі сияқты... Бұл — мен үшін ерекше қуаныш пен үлкен жауапкершілік. “Қазақфильм” — мен үшін тек еңбек ететін орын ғана емес, шығармашылық пен руханият тоғысқан үлкен орта. Осындай ұжымның бір бөлшегі болғанымды мақтан тұтамын»,- дейді Аққайша Баймұратова.

«Мәдениет саласы мамандарына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау – үлкен қамқорлықтың белгісі. Осындай бастамалардың арқасында шығармашылық адамдарына сенім мен шабыт беріледі»,- деп атап өтті Әсет Ерназаров.
«Қазақфильм» киностудиясының ұжымы мәдениет пен өнер саласына көрсетіліп жатқан қолдау мен ерекше назар үшін Мемлекет басшысына шынайы алғысын білдіреді.

«Қазақфильм» ұлттық кино өнерін дамыту, отандық кинематография дәстүрін сақтау және сала мамандарына қолдау көрсету жолындағы жұмысын жалғастыра береді.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ