Бұл бастама қазақстандық киноөнерді жаһандық аудиторияға танытуға, ұлттық құндылықтар мен тарихи жадыны шет елдерге жеткізуге бағытталған.
Фильм көрсетілімі Hilton Singapore Orchard қонақүйінде өтті. Шара қонақтары қазақ халқының азаттық жолындағы жанқиярлық күресін баяндайтын туындыны тамашалап қана қоймай, қазіргі Қазақстанның қонақжай мәдениеті мен жасампаз рухын сезіне алды.
«Жаужүрек мың бала» — қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлігі мен табандылығын суреттейтін тарихи естелік. Фильмнің өзегі — тумсынан қайсар халық идеясы — халықаралық көрерменнің де жүрегіне жол тапты.
«Қазақстан — бұл тек бай табиғат пен тарихи мұра ғана емес, сонымен қатар жаңашылдық пен даму жолындағы жасампаз мемлекет. Бүгінгі Қазақстан — батыл бастамалар мен жарқын болашақтың символы. Біз өз тарихымызды әлемге паш еткенімізге мақтанамыз», – деді ұйымдастырушылар.
Аталған шара ұлттық киноны халықаралық деңгейде насихаттауға, мәдени байланыстарды нығайтуға және Қазақстан туралы оң имидж қалыптастыруға өз үлесін қосты.