Алматыда “Жабайы” фильмінің жабық көрсетілімі өтті

23.09.2025

«Қазақфильм» киностудиясы мен «San Tyres» компаниясы бірлесіп түсірген балаларға арналған толықметражды “Жабайы” көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті.

24 қыркүйек Алматы қаласындағы “Сарыарқа” кинотеатрында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен «San Tyres» компаниясы бірлесіп түсірген балаларға арналған толықметражды “Жабайы” көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Фильм 25 қыркүйектен бастап бүкіл кинотеатрларда көрсетілімге шығады.
Іс-шараға үш жүзден жоғары қонақтар қатысты. Сондай-ақ кино саласының мамандары, журналистер, мәдениет қайраткерлері мен арнайы шақырылған “Қазақстан” ұлттық телеарнасы,”Хабар”,“24.кз”,”Алматы” , “Вечерний Алматы”, “Жібек жолы” , “Мінбер”, “Хабар” БАҚ өкілдері ақпараттық қолдау білдіріп келген болатын.Көрсетілім барысында фильмді тамашалаған көрермендер жылы ықыластарын білдіріп, фильмге өте жоғары баға берді.
Бұл фильм басты кейіпкер- жалғыздыққа үйреніп қалған Казбек есімді бала туралы. Оның өмірін көшедегі иесіз ит - Жабайы түбегейлі өзгертеді. Олар бірге жүріп талай сынақтан өтеді: көршінің қыңыр мінезі, қатыгез ит аулаушылар, атақ қуған блогер. Бірақ бәріне қарамастан, олар бір-бірін қорғап, шынайы достықтың қандай болатынын дәлелдегені жайлы.
Іс- шара барысында фильмнің режиссері Дамир Абилханов түсірілім командасына алғысын айтып, бұл киноға 1,5 жыл көлемінде дайындалып, киноның Атыраудағы су басу кезіндегі“Пшөн” есімімен танымал болған қаһарманның иттің құрметіне түсірілгенін, жануарларға кішкене болсын мейірімдірек болуға шақыру мақсатындағы фильм екенін атап өтті.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ