Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР

2030 жылға қарай еліміздегі киноөндірісте отандық фильмдердің үлесі 35 пайызға жетеді.

26.05.2025

Осыған орай Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Қазақфильм» киностудиясы және Ұлттық киноны қолдау орталығы өкілдерінің қатысуымен отандық киноиндустрияны дамыту тақырыбында брифинг өтті.

2030 жылға қарай отандық фильмдердің үлесі 35 пайызға дейін ұлғайтылады

Жыл соңына дейін алты кино жоба, оның ішінде анимациялық және деректі фильмдер жарыққа шығарылады. Негізгі басымдық — жас режиссерлерді, авторлық кино мен анимацияны қолдауға беріледі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кинематография басқармасының басшысы Ғани Мұратовтың айтуынша, анимация — мәдени дамудың маңызды бөлігі. Осы саланы қайта жандандыру мақсатында «Қазақанимация» бөлімін Астана қаласына көшіру туралы шешім қабылданған.

«Бәрімізге мәлім, инновациялық технологияларды енгізу мен креативті жобаларды қаржыландыру үдерістері елордада қарқынды жүріп жатыр. Астанада жыл сайын ТМД елдерінің гик-мәдениет фестивалі – Comic Con өтеді, Креативті индустриялар қорын құру жоспарлануда. Сондай-ақ, елордада «Хабар», «Қазақстан» телеарналары мен балалар мен жасөспірімдерге арналған жалғыз мемлекеттік арна – «Балапан» орналасқан. «Қазақанимация» осы инфрақұрылым мен ресурстарды тиімді пайдаланып, анимация саласын дамытуға тиіс», — деді Ғани Мұратов.

Кейінгі алты жыл ішінде министрлік пен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен 117 кино жоба жүзеге асырылған. Саланы жүйелі дамыту мақсатында 2024 жылы кино жобаларды іріктеу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енді авторларға басым тақырыптар ұсынылып, сценарий жазуға екі ай мерзім беріледі. Патриотизмді, адамгершілік пен руханиятты насихаттайтын тарихи фильмдерге ерекше назар аударылуда. Сараптамалық кеңестің қарауынан кейін жобалар питчинг — ашық қорғау кезеңіне өтеді.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ