О киностудии ∘
НОВОСТИ

Алматыда «Охота на розового зайца» фильмінің премьерасы өтті

26.12.2025
Алматыда «Охота на розового зайца» криминалдық драмасының премьералық көрсетілімі өтті. Бұл «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы мен Moonlight pictures-тің бірлескен жобасы.
Алматыдағы Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында жылдың ең көп күтілген жобаларының бірі - «Охота на розового зайца» криминалдық драмасының премьералық көрсетілімі өтті. Туынды - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы мен Moonlight Pictures продюсерлік студиясының бірлескен жобасы.
Премьера кеші ерекше қарбаласпен басталды: кинотеатр залы су жаңа туындыны алғашқылардың бірі болып тамашалауға келген көрерменге толды. Шараға 600-ден астам қонақ жиналды, олардың арасында еліміздің танымал медиа тұлғалары, танымал блогерлер, белгілі актерлер мен отандық режиссураның майталмандары болды. Жабық көрсетілімге осындай дүйім жұрттың қатысуы, фильмнің кең прокатқа шыққанға дейінгі жоғары қызығушылығын көрсетті.
«Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудияның Президентінің міндетін атқарушы Айдар Омаров алғашқы көрермендер алдында, ол жобаның өте қызықты әрі өзге туындыларға ұқсамайтын ерекше екенін атап өтті. Киностудия басшысы бұл туындыны жасау процесінің бірегейлігіне тоқталып, жобаның сәтті боларына сенім білдірді.
Moonlight Pictures бас продюсері Ерлан Бухарбаев та түсіру тобына жоба жолындағы қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, бұл одақтың фильмнің кәсіби табысына кепіл болғанын атап өтті.
Туынды желісі көрерменді қарама-қайшылықтар әлеміне жетелейді. Армия қатарынан оралған жас десантшы Мирас енді ол өз орнын табуға тырысады. «Байдың балаларымен» кездейсоқ танысуы оған мәз-мейрам өмірдің есігін ашады, бірақ бұл әлемнің қауіп-қатері де аз емес болып шығады.
Қала сыртындағы кеште болған оқиға кейіпкердің төзімділігін сынап, өтірік пен қорқынышқа негізделген ойынның ортасына әкеп таңдау жасатады.
Премьера Алматыда өткенімен, негізгі түсірілім жұмыстары елордада жүргізілді. Толықметражды кинодағы дебюттік жұмысы болған Режиссер Аян Найзабеков үшін бұл туынды салмақты, оған қоса түсірілім процессінің сәл қиын болғанымен бөлісті.
Фильмдегі басты рөлдерді Рауан Ахмедов пен танымал рэп-орындаушы V $ X V PRiNCE (Асха Принц) сомдады. Асхат үшін бұл жоба үлкен кинодағы алғашқы маңызды тәжірибе болды. Фильмде отандық экран жұлдыздары: Әбілмансұр Серіков, Шыңғыс Раш, Мұрат Бисембин, Саят Исембаев және т.б. бой көрсетті.
Фильмнің атмосферасын саундтректер толықтырып тұрғанын аңғардық. Бұл фильмде Асха Принц тек актер ретінде емес, музыкалық продюсер ретінде де үлес қосты. Туындыда көпке танымал хиттермен қатар, мүлдем жаңа тректер де шырқалады. Айта кетейік, фильмнің негізгі әні - «Розовый заяц» туындысына түсірілген клип желіде үлкен танымалдылыққа ие болып үлгерді.
Фильм кең прокатқа жаңа жылдың бірінші күні - 2026 жылдың 1 қаңтарында шығады.


«Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм»
Ұлттық киностудиясы АҚ» Баспасөз қызметі
Смотрите также
Новость 1
01.01.2025
ПОДРОБНЕЕ
01.01.2025
Новость 2
ПОДРОБНЕЕ
Новость 3
01.01.2025
ПОДРОБНЕЕ
01.01.2025
Новость 4
ПОДРОБНЕЕ