Фильм көрсетіліміне арнайы қатысқан Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті міндетін атқарушы Айдар Омаров сөз сөйледі
Шараның басты мақсаттарының бірі – мәдени сабақтастықты нығайту және екі ел арасындағы достықты дәріптеу. Бұл шара шығармашылық қауымдастық өкілдері, жас дипломаттармен ашық форматта ұйымдастырылып, үлкен қызығушылық тудырды.
«Композитор» – 2019 жылы жарық көрген Қазақстан мен Қытайдың бірлескен кинотуындысы. Фильмнің режиссері – Шерзат Яхуп. Тарихи драмада Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Алматыға эвакуацияланған қытай композиторы Сянь Синхай мен жас қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовтың арасындағы шынайы достық баяндалады.
Фильмде басты рөлдерді Қазақстаннан – Берік Айтжанов пен Аружан Жазильбекова, Қытайдан – Ху Цзюнь және Юань Цуань орындаған.
Бұл туынды – қос мемлекет арасындағы мәдени байланыстың символына айналып, халықтық дипломатияға елеулі үлес қосты.
2019 жылы «Композитор» Қытай мен Қазақстанда өткен бірнеше беделді кинофестивальге қатысып, 8-ші Ванкувер халықаралық қытай кинофестивалінде:
– «Үздік фильм»,
– «Үздік режиссер»,
– «Үздік әйел рөлі»,
– «Үздік ер адам рөлі» номинациялары бойынша марапатталды. Сонымен қатар, Камбоджадағы Екінші Азия кинофестивалінде «Үздік фильм» ретінде бас жүлдені жеңіп алды.
«Композитор» – бұл тек кино емес, бұл — ортақ жадымыздың, достығымыздың және мәдениетіміздің көркем көрінісі.