Kazakhstan Marketing Conference 2026 дегеніміз не? Сегіз жыл қатарынан бұл алаң нарықтың болашағын қалыптастырушылардың басын қосып келе жатқан басты маркетингтік конференция. CEO, CMO мамандары, негізін қалаушылар (фаундерлер) мен креаторлар 2026 жылы бизнестің өсуіне қажетті нақты формулаларды табу үшін бір кеңістікте бас қосады.
Алаңның негізгі спикері ретінде Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Президентінің м.а. Айдар Омаров сөз сөйлейді.
«Назар аудару экономикасы» дәуірінде кино тек өнер ғана емес, сонымен бірге ықпал етудің қуатты құралына айналды. Креативті технологияларға арналған сессияда киностудия басшысы «Кино – назар аударту құралы ретінде» тақырыбында өз жобасын таныстырады.
Сонымен қатар, «Асхат Өскембаевтың креативті батылдық мектебінің» негізін қалаушы Асхат Өскембаев модераторлық ететін пікірталас панелінде брендтерді киноконтентке интеграциялау мүмкіндіктері мен терең кросс-индустриялық коллаборациялар құру мәселелері талқылануда.
Киностудия басшылығының баяндамасымен қатар, конференция қатысушылары индустрияның ең өзекті трендтерін қарастыруда:
• Креатив арқылы бизнес-стратегия құру: DASM Group CEO-сы Юлия Тушинамен ашық әңгіме;
• Маркетингтегі AI (жасанды интеллект): Жасанды интеллект зерттеулер мен клиенттік тәжірибені қалай өзгертеді (gro.now кейстері);
• Қазақстандағы әлемдік жұлдыздар: ParkLive директоры Александр Елькин брендтерді ірі концерттік шоуларға интеграциялау кейстерімен бөліседі;
• Идеяларды жедел іздеу: «my name is Marketing» CEO-сы Олегжан Бекетаевпен сұхбат.
Конференция киноөндірушілер мен бизнес өкілдері арасындағы белсенді нетворкинг алаңына айналуда. Егер сіз идея іздеу құралдарын меңгергіңіз келсе, креативтің ROI-ін (тиімділігін) есептеуді үйреніп, креативті индустрияда жаңа таныстықтар орнатқыңыз келсе, бұл шараның бір бөлшегі болуға әлі де мүмкіндігіңіз бар.
Конференцияға тіркелу сілтемесі арқылы өтіп, қатыса аласыз:
https://kmc.kgforum.kz/#program