Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес (Агенттікпен бекітілген), 2021 жылдан бастап Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ-да комплаенс-офицер лауазымы енгізілді.
Комплаенс-қызмет туралы Ережеге сәйкес, киностудияда азаматтар мен клиенттер сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, кемсітушілік, әдепсіз мінез-құлық фактілері немесе олардың орын алуы мүмкін жағдайлары туралы хабарлауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік беретін ақпараттық арналары жұмыс істейді.