Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы ұжымы Аида Ғалымқызын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтайды!
Еліміздің мәдениет пен ақпарат саласының дамуына зор үлес қосып келе жатқан білікті басшыға жаңа лауазымда табыс, береке, тың жетістіктер мен жемісті еңбек тілейміз.
Қазақстан мәдениеті мен кино өнерінің өркендеуіне бағытталған бастамалар мен стратегиялардың сәтті жүзеге асарына сенім білдіреміз!