Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР



04.09.2026

БАҚ біз туралы: «Egemen Qazaqstan» – қазақстандық анимацияның жаңа кезеңі туралы

Отандық анимацияның дамуы, жаңа жобалар және қазақтілді контентке көрермен қызығушылығының артуы туралы «Egemen Qazaqstan» газетінде «Ұлттық анимация: балдырғандар не көріп жүр?» атты мақала жарық көрді.
Материалда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы құрамындағы «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің соңғы жылдардағы жұмысына ерекше назар аударылған. Осы кезеңде «Qupiya Nauryz», «Köleñke», «Su perisi», «Ūmaıdyń kóz jası», «Shańyraq», «Унисон» сияқты бірқатар жаңа жобалар, сондай-ақ «Üyim qaıda?» және «Айбынды аула» сериалдық жобалары жүзеге асырылды.
Бүгінде қазақстандық анимация жанрлық және көркемдік тұрғыдан дамып қана қоймай, өз аудиториясын да кеңейтіп келеді. Мақалада отандық, әсіресе қазақ тіліндегі анимациялық контентке деген көрермен сұранысының артып келе жатқаны атап өтіледі.
Біз үшін «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің жұмысына отандық бұқаралық ақпарат құралдарының назар аударуы маңызды. Бұл қазақстандық анимацияны кеңінен насихаттап, жаңа жобалар мен жас авторлар туралы көрерменге ақпарат жеткізуге мүмкіндік береді.
«Egemen Qazaqstan» материалын толық оқу
https://egemen.kz/news/ulttyq-animatsiya-baldyrgandar-ne-korip-zhur
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ