Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР



05.09.2026

«KÖLEÑKE» анимациялық фильмінің шығармашылық тобына халықаралық кинофестивальдің арнайы жүлдесі табысталды

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі шығарған «KÖLEÑKE» (18+) анимациялық фильмінің шығармашылық тобына халықаралық кинофестивальде иеленген арнайы жүлдесі табысталды.

Арнайы жүлдені киностудия президентінің міндетін атқарушы Айдар Омаров фильмнің шығармашылық тобына табыстады. Ол жобаның халықаралық жетістігін атап өтіп, отандық анимацияның дамуына үлес қосып жүрген шығармашылық тобының жұмысын жоғары бағалады.

«KÖLEÑKE» хоррор-анимация жанрындағы туынды ретінде АҚШ-та өткен Portland Festival of Cinema, Animation & Technology (PFCAT) кинофестивалінде қазылар алқасының «Өзгеше көзқарас пен шығармашылық шеберлік» аталымы бойынша арнайы жүлдесіне ие болды. Фильмнің көркемдік шешімі мен шығармашылық тәсілі халықаралық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Фильмнің шығармашылық тобы:

Сценарий авторы: Ернар Тілеубаев
Қоюшы режиссері: Мақсат Аяпов
Қоюшы суретшісі: Даир Жиенқұлов
Атқарушы продюсері: Нұржігіт Сұлтанберді

«KÖLEÑKE» фильмінің халықаралық фестивальдегі жетістігі қазіргі қазақстандық анимацияға деген кәсіби қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Жоба «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің заманауи жанрлар мен жаңа көркемдік тәсілдерді игеруге бағытталған жұмысының нәтижелерінің бірі.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ