Бұл мерейлі мерекемен қатар, әлемнің жаңарып, ерекше жылулыққа мейірімге бөленер күні! 8 Наурыз – әр әйелдің табиғатынан табылар қамқорлықтың, даналық пен сұлулықтың мерекесі!
Ал кино әлемінде әйел табиғаты әрқашан муза ғана емес, сонымен қатар, сол картинаның нағыз қаламгері бола білді. Сіздердің арқаларыңызда біз жасап жүрген өнер әлдеқайда тереңірек, шынайылық пен адамгершілікке толы болады.
Осы айтулы күннің қарсаңында әріптестеріміз бен көрермендерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге бейбітшілік, жақсылық пен тек амандық тілейміз. Әр күндеріңіз көркем күлкілеріңізге себеп болсын! Ал шаңырақтарыңыз әрқашан жайлылық пен келісімге толы болсын.
Құлпыра келген көктем мерекесі құтты болсын, қадірлі арулар!