Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан «Бриллиантовая бабочка» киносыйлығында екі марапатқа ие болды




12.11.2026
2026 жылғы 12 қарашада Мәскеуде өткен II Ашық Еуразиялық «Бриллиантовая бабочка» киносыйлығын табыстау рәсімінде Қазақстан екі марапатқа ие болды. Солардың бірі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының «Эвакуация» толықметражды көркем фильмінің қоюшы операторы Александр Плотниковқа табысталды. Ол «Үздік оператор» аталымының жеңімпазы атанып, салтанатты рәсімге өзі қатысып, марапатты жеке қабылдады.
«Эвакуация» – режиссері, сценарий авторы әрі продюсері Фархат Шәріпов болған тарихи, соғысқа қарсы драма. Фильм Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында неміс-фашист басқыншылығы қаупі төнген өңірлерден Кеңес Одағының шығысына халықты көшіру оқиғаларын баяндайды. Сол кезеңде Қазақстан шамамен 1,5 миллион адамды қабылдап, олардың көпшілігі үшін жаңа мекенге айналды.Оқиға ортасында Наталья мен оның қызы Галя тұр. Олар басқа эвакуацияланған адамдармен бірге қауіпсіз жер іздеп шығысқа қарай жол тартады. Теміржол станцияларының біріндегі аласапыран кезінде Наталья қызынан көз жазып қалып, оны іздеу үшін Алматыға аттанады. Осы оқиға арқылы фильм соғыс кезіндегі адам тағдырын, ананың үміті мен қайсарлығын көрсетеді.
Александр Плотниковтың операторлық жұмысы картинаның көркемдік шешімінде маңызды орын алады. Кадрлардың визуалды тілі тарихи кезеңнің ахуалын, оқиғаның эмоциялық тереңдігін және кейіпкерлердің ішкі толғанысын жеткізуге ықпал етеді. Халықаралық марапат фильмнің бейнелеу шешіміне берілген жоғары баға болды.
«Бриллиантовая бабочка» – Еуразия елдерінің кинематографистерін қолдауға және халықаралық шығармашылық байланыстарды дамытуға бағытталған киносыйлық. Биылғы марапаттау рәсімі Мәскеудегі «Мастерская 12 Никиты Михалкова» театрында өтті.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы Александр Плотниковты халықаралық марапатымен құттықтап, жаңа шығармашылық табыстар тілейді. Бұл жетістік қазақстандық кино мамандарының кәсіби әлеуетін халықаралық деңгейде таныта түседі.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ